ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Орыс тілі апталығы: шығармашылық пен білімнің ұштасқан мерекесі

Білім
Аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте орыс тілі және әдебиеті пәнінен «Язык – это история и культура народа» атты апталық ұйымдастырылып, мазмұнды іс-шаралармен ерекшеленді.
Апталық барысында орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Цой Элла Алексеевна 7 «Б» сыныбымен «Музыка в нашей жизни» тақырыбында тағылымды ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – музыка өнерінің маңызын ашу, оның адам психологиясы мен эмоциясына әсерін көрсету, түрлі мәдениеттер мен халықтардағы музыка дәстүрлерін талдап, музыка арқылы шығармашылықты дамыту және тұлғаның рухани байлығын қалыптастыру жолдарын көрсету. Ашық сабаққа оқушылар белсене қатысып, ұлттың рухани құндылықтарын, дәстүрлері мен дүниетанымын сақтайтын негізгі құралдар жайлы мағлұмат алды. Музыканың тек көңіл көтерудің құралы ғана емес, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін қуатты күшке ие екендігі айқындалды. Оқушылар музыка өнерінің дамуын «Өткен шақ, осы шақ, келер шақ» әдісі бойынша зерделеп, терең мазмұнды талдау жасады.
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Муратова З. 8 «Ә» сыныбымен «Культура питания» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ салауатты өмір салты мен жауапкершілік құндылықтарына негізделіп, дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына әсерін зерттеуді көздеді.
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтуреева Айгерім 4-сыныптар арасында «За волшебным колобком» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. – «Суреттер сөйлейді» әдісі: оқушылар «Колобок» ертегісінің үзінділеріне байланысты суреттерге сипаттама берді.
– «Ертегіге өзгеріс енгізу» әдісі: оқушылар ертегіге жаңа кейіпкерлер қосып, өз нұсқаларын ұсынды.
Оқушылар ертегіні шығармашылық тұрғыдан талқылап, өз идеяларын ортаға салып, белсенділік танытты.
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазбек Әдема 5 «Ә» сыныбымен «Интересное об одежде» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты – киімнің мәдениеттегі орны мен маңызын түсіндіруСабақ барысында «Word wool» әдісі арқылы «Салыстыр және талда», «Өз дизайныңды жаса» сияқты ойындар ұйымдастырылып, оқушыларды қызықтыра түсті. Оқушылар өз киім үлгілерін суреттеп, сипаттама бере келе, киім тарихынан тың мәліметтер алды және сәнге деген өзіндік көзқарастарын қалыптастырды.
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтуреева Айгерім 2 «Б» сыныбымен «Глагол как часть речи» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – етістіктерді мәтіннен табу, олардың мағынасын түсіну, берілген тақырып аясында қысқаша сөйлемдер құрастыру, тіл байлығын дамыту мен сөздік қорды кеңейту. Сабақ барысында мынандай әдістер мен тапсырмалар қолданылды:
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзаева Айжамал 6 «А» сыныбымен К.Бальмонттың «Язык, великолепный наш язык» атты тақырыбында ашық сабақ өткізіп, тілдің маңызын, оның байлығы мен көркемдігін бағалауды, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруды көздеді. Оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында түрлі заманауи әдістер қолданылды. Константин Бальмонттың өмірбаяны мен лирикалық шығармалары таныстырылып, «Тіл, сиқырлы біздің тіліміз» өлеңі топпен талданды. Сабақ барысында:
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазбек Әдема 7-9 сыныптар арасында «Знатоки русского языка» тақырыбында сайыс сабақ өткізіп, тілдік сауаттылық пен логикалық ойлауды дамытуға басымдық берді. Сабақ барысында:
– «Тілдік жарыс» әдісі: оқушылар қойылған сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берді.
– «Кім жылдам?» әдісі: оқушылар грамматикалық тапсырмаларды орындап, жауабын нақты дәлелдеді.
Нәтижесінде оқушылар орыс тілінен алған білімдерін шыңдап, ойлау қабілетін жетілдірді.
Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Наумова Мария 4 «Б» сыныбымен «Правописание безударных личных окончаний глаголов в настоящем и будущем времени» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ етістіктің есімдік жалғауларының дұрыс жазылуына көңіл бөліп, қазіргі және келер шақтағы етістіктердің орфографиясын меңгертуге бағытталды. Оқушылар түрлі ойын түрінде берілген әдіс-тәсілдер арқылы тілдік сауаттылық пен логикалық ойлауды дамытуға арналған сұрақтарға жауап беріп, етістіктің шақтарын ажырату мен сөйлемдерді дұрыс құруды тәжірибе жүзінде орындады.
Апталықтың соңғы күні Муратова Зейнарап пен Мырзаева Айжамал 6-7 сынып оқушыларына арнап «Веселый спортивный квест» тақырыбындағы спорттық сайыспен апталықты қорытындылады. Спорттық сайыста бірлестік оқушылары «Түсті доп» әдісімен топтарға бөлініп, ойын шарттарымен танысты. Апталық бойы өткен қызықты ойындар мен сайыс-сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, достық пен ынтымақтастықты нығайта түсті. Сайыста белсенділік танытқан топтар мен жақсы ойын көрсеткен оқушылар марапатталды.
МЫРЗАЕВА Айжамал Дуйсенбековнаорыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Made on
Tilda