2024 жылдың 17 қазанында еліміздің барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті.
Оған бірінші аймақтық кезеңде жақсы нәтижеге қол жеткізген 422 оқушы қатысты. Іріктеу кезеңінің қо-рытындысы бойынша үшінші республикалық кезеңге 190 оқушы іріктеліп алынды.
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Ха-лықаралық қазақ-түрік университетінің базасында жа-ратылыстану-математика циклы пәндері бойынша өткен XVII Президенттік олимпиаданың ІІ кезеңінде Сырдария жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Абибулла Жарқын Мұхтарқызы қатысып, бағын сынап, жоғары балл жинап республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.
Айта кетерлігі, аймақтық кезеңде республикалық білім беру ұйымдарынан бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11-12 сынып оқушылары қатысты. Олар төрт пән – ма-тематика, физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмаларды орындады. Жарқынға биология пәнінен Нұржамал Бекназарова, физика пәнінен Фариза Қожахметова, математика пәнінен Мария Атшабарова және химия пәнінен Мәншүк Тәліпбаева жетекшілік жасауда.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша 2008 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан Пре-зиденттік олимпиадада талабы жоғары, дарынды оқушы Жарқын Мұхтарқызының бағы мен бабы қатар шауып, алда 19-22 қарашада Астана қаласындағы «Думан» қонақ үйі базасында өтетін Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде жеңіске жетуіне сенім артамыз.
Райхан Аманжолқызы