ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Пән апталығы өтті

Білім
Аудандық білім бөліміне қарасты «Ақалтын жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі және әдебиеті пәнінен «Прекрасны пушкинские строки» атты апталық өткізілді.
Мақсаты – Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің 225 жылдығына байланысты ақынның өмір жолы мен шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Оқушыларды өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан-дүниесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Әлем таныған Пушкиннің ұлылығын дәріптеу. Оқушыларға орыс халқының мақтанышына айналған ұлы ақынының шығармашылығын құрметтеуге, оқушыларды өз тілімен қатар, өзге тілдерді де құрметтеуге тәрбиелеу.
Апталық барысында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алиева Асель 6"Ә" сыныбында «Что такое цивилизация?» тақырыбында ашық сабақ өтіп, «Лоток яйца», «Корзина с подарками» әдістерін пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятты. Сабақта уақытты есепке алып, өте ұтымды пайдаланды. Сол сияқты Алиева Асель 5-8 сыныптар арасында «Пушкин в моем сердце» тақырыбында А.С.Пушкиннің шығармашылығынан өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Сайыс жоғары деңгейде тартысты болып өтті. Оқушылар белсенді түрде қатысты. Сайыс аяқталған соң, оқушылар марапат қағаздарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Сол сияқты Райхан Изгалиева да 6 «А» сыныпқа «Первыми были шумеры» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Топтық жұмыс арқылы ұжымдық қарым-қатынасқа, сауатты жазуға, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу мақсатында сабақ өту барысында «educaplay» платформаларынан ойын, тапсырмалар орындалды.
Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қасымова Лайла 7 «А» сыныбында «Новогодние подарки» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ондағы мақсат сын есімнің мағыналық түрлерін түсіндіріп, мысалдар арқылы тақырыпты ашу, сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білімге деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.
Сабақты өту барысында «Жасанды интеллекті пайдалану» және «feirstail» платформаларын қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сахова Халима да 5 «А» сыныбында «Шаги великана» тақырыбында оқушылардың ой өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыра отырып, орыс тіліндегі сөздік қорын дамыту, жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту мақсатында ашық сабақ өтті.
Орыс тілі және әдебиеті бірлестігінде, Әлем әдебиеті таныған, орыс әдеби тілінің негізін қалаушы, ұлы орыс ақыны А.С.Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай «Добрые сказки Пушкина» тақырыбында сурет көрмесі, оқушылардың ой өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыра отырып, орыс тіліндегі сөздік қорын дамытуды көздеп орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алиева Асель және Сахова Халима «Весёлая эстафета» атты 8 «А», «Ә» сыныптары арасында спорттық викторина жарысын өткізді.
Жарыс оқушыларға өте керемет әсер берді. Жарыста әр тапсырма әр түрлі жаттығу арқылы орындалды. Жарыста әділ қазы мүшелері екі топтың жетістіктерін шынайы бағалап, жеңіске жеткен топты жариялады.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.П. Бейсенова 7 «Ә» сыныбынына «Новогодние традиции» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты – әлем халықтарының жаңа жылдық дәстүрі туралы танымдық қабілеттерін арттыру, жаңа жылды тойлау дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын ояту, қатыстық сын есім туралы түсінік беру, қатыстық сын есімді дұрыс қолдану және ажырата білуге үйрету.
Сабаққа оқушылар белсенді түрде қатысты, оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді, «Жасанды интеллект» , «lerninqApps.orq» платформасынан қызықты ойындар мен тапсырмалар пайдаланылды. Сабақ қызықты және ұтымды болды.
Апталықтың соңғы күні Сахова Светлана «В гостях у Пушкина» тақырыбында әдеби кеш өткізіп апталықты қорытындылады. Апталық қызықты ойын, сайыс-сабақтармен тартымды өтті.
КАСЫМОВА Лайла –
бірлестік жетекшісі
Made on
Tilda