Түркістан облысы, Шардара ауданы, С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Өнер әлеміне саяхат» тақырыбында көркем еңбек және музыка пәндері бойынша апталық өткізілді. Бұл апталықтың мақсаты – оқушыларды өнерге баулу, әсемдікті тани білуге үйрету, сондай-ақ, олардың эстетикалық ой-өрісін дамытып, өнерді құрмет тұтып, оған деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды.
Апталықтың ашылуында мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Д.С.Асылбеков сөз сөйлеп, оқушыларға белсенді қатысуларын тілеп, ұстаздарға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде өнердің ұлт руха-ниятындағы маңыздылығы мен жастарға арналған тәрбиелік мәні айрықша екенін атап өтті.
Содан кейін апталықты қыздыра түскен қызықты сабақтар басталды. Әр сабақ оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылықтарын шыңдауға бағытталды.
А.Аймешова 5 «ә» сыныбымен музыка пәнінен «Өмірдің өзі ән мен күй» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың сөздік қорын молайтып, шығармашылық қиялын, тіл байлығын, ло-гикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды. Сабақтың басы Әнұранымен ашылып, кезең-кезеңмен жалғасып, сайыс түрінде өтті. Оқушылар әр кезеңде өздерін барынша шығармашылық тұрғыда көрсете білді. Ән-жырмен өрілген сабақтың соңында оқушылардың өнерге деген сүйіспеншіліктері айқын көрініс тапты.
Л.Мырзанов 8 «ә» сыныбындағы ұлдарға көркем еңбек пәнінен «Ең іскер кім? Ең шебер кім?» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Сабақта қазақ халқының қолөнер дәстүрлері мен өнердің қастерлі орын алғандығы кеңінен баяндалды. Ұлдар сабаққа белсенді қатысып, қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, ұлттық өнерге деген құрметтерін арттырды. Сабақ соңында ұстаздар сайыстың жоғары деңгейде өткенін айтып, ризашылықта-рын білдірді.
К.Абсаметова 8 «а» және 8 «б» сыныптарының қыздарына «Салтым менің асыл қазынам» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың икемділігі мен шеберлігін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты бойларына сіңіру болды. Сайыс сабақ бес кезеңнен тұрып, әр кезең оқушыларды ұлттық тәрбиені терең түсінуге және салт-дәстүрді дәріптеуге бағыттады. Сабақтың барысында қыздар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, ұлттық мәдениетке деген құрметтерін көр-сетті.
Өзім де 9 «а» және 9 «ә» сыныптарының қыздарына «Сән мен сымбат әлемі» тақырыбында сайыс сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты – оқушылардың мамандық таңдау барысындағы ойларын кеңейту, өз талғам-дарын дамыту және шығармашылыққа баулу болды.
Апталық барысында өткізілген әрбір сабақ оқушылардың өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты өнердің тұнып тұр-ған байлығымен таныстырып қана қоймай, олардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Г.САГЫНДИКОВА–
С. Ерубаев атындағы ЖББМ
«Көркем еңбек және музыка пәндері» бірлестігінің жетекшісі