ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жастардың діни радикалдануында әлеуметтік желінің кері әсері

Дін
Бүгінгі біздің тақырыбымызға арқау болатын мәселе әлеуметтік желінің жастар санасындағы кері әсері жайлы болмақ.
Бабаларымыз ұстанған асыл дініміз - Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жет-кіншектерді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие. Алайда қазіргі жастарымыз бен жасөспірімдеріміздің басым бөлігі әлеуметтік желінің жетегінде кетіп барады. Түрлі ойындардың құрбаны бо-лып, лудоманияға ұшырап, отбасын ауырпалышылыққа салса, ал енді біреулері имандылыққа, дінге бет бұрамын деп түрлі ағымдардың қармағына ілінуде.
Ислам үнемі ойлануды, пікір қорытуды, ілім іздеуді бұйырады. Мынадай бір қанатты сөз бар: «Мүминнің бірінші міндеті - білім іздеу. Қандай қайнар көзден тапса да, оған иелік жасауы керек».
Осы мәселеге жастарды тәрбиелеу тұрғысынан келгенде, Исламда алынған білім діннің қағидаларына, ұстанымдарына, негізгі ережелеріне қайшы келетін болса, онда ол адам өміріне пайдалы болмайды.
Қазіргі өмір бұрынғы өмірден өзгерек. Қазір ақпарат заманы. Соған байланысты ғаламтор желілері бүгінде өміріміздің бір бөлшегіне айналып кетті. Тіпті онсыз өмір сүре алмастай деңгейге де жетіп қалдық. Ал сол әлеуметтік желілерді қазір өте ауқымды пайдаланатындардың жастар екендігін назарға алсақ мәселенің өзектілігі арта түсері сөзсіз. Өйткені радикализм теріс ағымдардың торына түскендердің көпшілігіне осы әлеуметтік желілер себепші болуда. Мұндай заманда сауаптың да күнәнің да еселенуі осы желілерге байланысты болып отыр. Сауаптың да күнәнің да деуіміздің себебі әлеуметтік желілер арқылы қаншама жақсылықтар жасалуында.
Қазіргі әлемдегі проблемалар бұрынғы кезеңдердегі мәселелерден ауқымдырақ, әрі күрделірек. Олай болатын себебі, қазіргі заманда әлемдік деңгейде жаһандану үрдісі бар қарқынымен жүріп жатыр. Кейбір елдер дараланып өмір сүру формасын ұстанғанымен әлемдік үрдістерден ешкім де шет қалмақ емес. Осы орайда жаһанданған әлемдегі діни үрдістер де бұрынғыдан өзгерек.
Біз заң бойынша демократиялық құндылықтарға басымдық беретін мемлекет ретінде сөз бостандығы деген мәселеге барынша мүмкіншілік тудырып отырған елде тұрып жатырмыз. Бірақ, бұл әлеуметтік желілерде заңға қайшы, елдің тұтастығына нұқсан келтіретін дүниелерге көз жұма қарау дегенді білдірмейді. Осы бағытта да Заң шеңберінде тиымдар бар. Мәселен ҚР Қылмыстық кодексінің 174 - бабы бойынша (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсіл-дік, тектік-таптық, немесе діни алауыздықты қоздыру...) қанша азаматтар жауапкершілікке тартылып отыр.
Дәл осы фaкторлар қaзіргі тaңдa ең өзекті болып отырғaндығын aтaп өткен жөн. Түрлі конфессиялaр тaрaпынaн, әсіресе рaдикaлды-экстремистік бaғыттaғылaр ғaлaмторды нaсихaт үшін өте белсенді түрде қолдaнaды: aуқымды aудитория; aнонимділік пен aқпaрaтты тез aрaдa тaрaту; мультимедиялық мүмкіндіктер (мәтіндік, грaфикaлық aкпaрaт, aудио және бейнемaтериaлдaр). Сонымен бірге, мұндaй aуқымды aкпaрaттaр aғымын реттеу мен бaқылaу өте қиын болудa. Дегенмен бұл бағытта әрбір мемлекет өз мүмкіндігі шеңберінде күресуде. Біздің елімізде де интернеттегі экстремизммен күресудің тың қолданыстары пайда болуда.
Жат ағымдар пікірлерінің таралуындағы эндогенді факторлардың да маңызы жоғары. Бұл факторлардың ең басында еліміздегі «дінге бетбұрыс» үрдісінің қарқынды болуы. Әсіресе жастардың үлесі басым. Жaстaр aқпaрaттaрды интернеттен aлaды. Aл Қaзaқстaндa тұрғындaрдың жaртысынaн көбі ғaлaмтор aрқылы «өз бетімен білім aлумен» aйнaлысaды. Екіншіден, нарықтық замандағы ішкі қайшылық, өмірге көзқарастың өзгеруі, адамдар арасындағы әр-түрлі өмір салты да жастарды жаңа ізденімге итермелейді. Қазіргі адамдардың басым көпшілігі тез арада көп жалақы, немесе қысқа мерзімде әл-ауқатын жақсартудың ізденісі үстінде. Ал материалдық тұрғыдан қол ұшын беруге бейім тұратын ағымдар осы кездерде жастардың қасынан табылып, оларды тез баурап алады. Үшіншіден, бұл жaғдaйғa сонымен қaтaр, адамның психикалық күйі де әсер етері анық.
Жастар бағыты кез-келген ақпаратты сараптай алып, жеке өзінің аналитикалық ойымен баға беруге талпынған абзал.
Қазіргі адамдардың қажеттіліктерін іздеу ауқымы кеңейген. Әлемдегі құбылыстар мен оқиғалар қас-қағым сәтте таралып, әлемнің қай түкпірінен болсын байланысқа шығу, «достасу» қарқыны күшейген. Адамдар өздерінің өмірлерін әрдайым басқалардың өмірімен салыстыруға бейім. Осындай жағдайда «жақсыны» іздеу үрдісі белең алуда. Ал, азаматтар көп жағдайда жақсыға ұмтылу барысында жаһандық саясаттың құрбанына айналғандығын тым кеш түсінеді.
Аталмыш топ өкілдері барлық әлеуметтік желілерде белсенділігін арттырып келеді. Осы арқылы белгілі бір дәрежеде трендке үстемдік жүргізе алатын, қоғамдық пікірді өз жақтарына бейімдеп алатын жамағат өкілдерінің жұмыстары күн санап өсіп келеді. Олар өздерінің діни және радикалды бағыттағы материалдарға тұздық болар диалогтар мен пікірлерді қолдан жасау үшін мұндай жұмыстар тұрақты және сансыз көп клондар түріндегі жалған аккаунттар арқылы жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсат – интернет пен әлеуметтік желіні пайдаланушы қарапайым халық арасында «қоғамдық әділеттілік» түсінігін қалыптастыра отырып, қоғамдық тақырыптық көзқарастың трендін өз жағына «бейімдеу» екені түсінікті. Көбінде мұндай әрекеттер «артта қалу» немесе теріс пиғылды сайттар әрекетіне олармен бірдей дәрежеде жауап қайтару мүмкіндігінің шектеулі болуы үшін тиімді жағдайлар жасайды.
Халқымызда «ел боламын десең бесігіңді түзе!» деген қанатты сөз бар. Бұл жастардың, жасөспірімдердің тіпті жаңа туылған сәбилердің шамадан тыс желіге құмар болуын бақылауға алған абзал! Олай болмағанда кейін өкінер сәттер көп болмақ.

Е.САРИЕВ
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы
Made on
Tilda