Түркістан облысы, Шардара ауданы «Ақалтын» жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 27 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған Алаш шынары» атты апталық өткізілді.
Апталықтың салтанатты ашылуында мұғалімдер мен оқушыларға арнайы дайындалған танымдық сұрақ-жауап ойыны ұсынылып, қатысушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталды. Бірлестік жетекшісі Жумахова Тойжан апталықтың негізгі жоспары мен мақсаттарын таныстырып, мазмұнды баяндама жасады.
Апталық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, оқушыларды терең ойлануға, әдеби мұраларды талдауға баулыды.
28 қаңтар күні Қалдыбекова Ботакөз 5«А» сыныбында Бердібек Соқпақбаевтың өмірі және «Менің атым Қожа» повесі бойынша ашық сабақ өткізді. Оқушылар жазушының өмір жолымен танысып, шығарманың негізгі идеясын талдады. Сабаққа мектеп ұстаздары қатысып, өз бағаларын берді.
29 қаңтар күні Жумахова Тойжан мен Сейтқұлова Әлия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақтар ұйымдастырды. Бұл сабақтарға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық білім бөлімінің 15.01.2024 жылғы №238 бұйрығына сәйкес тірек мектеппен тәжірибе алмасу мақсатында «Достық» жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шыныбекова Айгүл мен «Қызылқұм» жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Майра қатысып, тәжірибе алмасты. Ашық сабақтар жаңа әдіс-тәсілдермен жоғары деңгейде өтті.
30 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейтқұлова Әлияның ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылары арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты танымдық сайыс өтті. Бұл сайыстың басты мақсаты – оқушылардың білімдерін жүйелеп, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялдарын жетілдіру және өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу. Жарыс соңында үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылардың ұпай сандары есептеліп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сол күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Анар 6«Ә» сыныбында Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінің тақырыбы мен идеясын талдауға арналған ашық сабақ өткізді. Оқушылар жазушының шығармашылық әлеміне терең бойлап, көркем туындының негізгі мазмұнын жан-жақты талдады. Сабаққа мектебіміздің ұстаздары қатысты.
31 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Анар апталық жоспары аясында басты шаралардың бірі – «Азаттықты аңсаған Алаш шынары» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Бұл кештің мақсаты – оқушыларды сахналық өнерге баулып, олардың шешендік қабілеттерін жетілдіру, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қоғамдық істерге баулу,ұйымшылдыққа үйрету. Оқушылар тарихи кезеңдерді сахналық қойылымдар арқылы бейнелеп, Алаш қайраткерлерінің мұрасын дәріптеді.
Сонымен қатар, 5-8 сынып оқушылары түрлі шығармалардан эпизодтық көріністер қойып, сурет көрмесіне қатысса, 9-10 сынып оқушылары эссе жазу байқауында өз ойларын ортаға салды.
Апталық қорытындысында белсенділік танытқан сыныптар мен оқушылар Мақтау қағаздарымен марапатталып, іс-шараны жоғары деңгейде аяқтадық.
Бұл апталық тек қазақ тілі мен әдебиетін дәріптеумен шектелмей, оқушылардың ұлт тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін оятуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етті.
Жумахова Тойжан Көлбаевна–
«Ақалтын» ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі