Асау Сыр бұғатталып, Шардара су қоймасы салынып, «Қызылқұм» магистралды каналы бойынан ондаған күріш пен мақта өсіретін совхоздар өмірге келіп, тың жерге түрен салынып, тіршілік басталғанына да 60 жыл болыпты. Сонан кейінгі еліміз Тәуелсіздік алған жылдан кейін де Шардара өңірі кереметтей өзгеріп, қанатын кеңге жайып, әлеуметтік нысандар мен демалыс орындары, спорт кешендері салынып, байрақты бәсекелерде топ жарған спортшылары мен тайдай тулаған балығы Шардараны бүкіл әлемге танытты.
Ауданның 60 жылдық мерейтойы қарсаңында күн сайын жаңарып жатқан ауданымыздың кешегісі мен бүгінгісі, келешегі жайлы Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлымен сұхбат жасаған болатынбыз. Сол сұхбатты оқырмандар назарына ұсынғанды жөн деп таптық.

– Саламатсыз ба, Арман Романұлы!? 60 жыл деген былайша айтқанда бір адамның өмірімен шамалас мерзім. Шардара ауданының құ-рылғынына да 60 жыл толып қалыпты. Осыған орай осы мереке қарсаң-ындағы әңгімемізді ауданның құрылуы мен даму тарихына шолу жасаудан бастасаңыз.
– Саламатсыз ба?! Шын мәнінде, аудан тарихы туралы қанша айтсақ та, мақтаныш етсек те артықтық етпейді. Әсіресе 1958 жылдың тамыз айында басталған Қызылқұм өңірін суландыру жұмыстары – сол кезеңдегі теңдесі жоқ іргелі жоба болды. Сол уақытта «Шардара-құрылыс» басқармасы құрылып, басқар-ма басшысы Ә.Қасымов бастаған 26 адам бүгінгі Шардара қаласы орналасқан өңірге келіп қоныстанды. Кеңес Одағының өзінде айрықша маңызға ие нысан саналған Шардара су электр стансасының құрылысы 1967 жылы аяқталып, пайдалануға берілді.
Осы уақытқа дейін Шардара өз алдына жеке аудан ретінде қалыптасып үлгерді. 1964 жылдың 31 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Указымен орталығы Абай селосы болып бекітілген Шардара ауданы құрылып, алғашқы басшылығына Т.Тумашов тағайындалған. Ал 1969 жылдың 13 қаңтарында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Шардара ауданының орталығы Абай селосынан Шардара қаласына көшіріліп, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне Қ.Тұрысбеков бекітілді.
Міне, осылай бастау алған Қызылқұм өңірін суландырудың алғашқы кезеңінде 60 мың гектарға жуық суармалы жер мен ұзындығы жүз шақырымнан астам магистралды канал іске қосылды. Араға 60 жыл салып, Шардара ауданы ауыл шаруашылығы мен өндірісі қатар дамыған, нарықтық экономикаға толық бейімделген аймаққа айналып отыр. Аға буын ардагерлеріміз қалап кеткен ізгілікті ізді бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастыруда. Қазіргі таңда аудан орталығы – Шардара қаласы мен 10 ауылдық округтің тұрғын-дарын қосқанда 85 мыңнан астам халық бір шаңырақ астында бейбіт күн кешіп жатыр. «Шардара теңізі» аталып кеткен айдыны, байлығы мол балығы, күріші мен мақтасы, өсіп-өркендеген өндірісі және байрақты бәсекелерде топ жарған спортшыларымен танылған Шардара бүгінде республикадағы ең іргелі аудан-дардың біріне айналды.
– Шардара су қоймасы мен «Қызылқұм» магистралды каналының салынуы ауданның экономи-касы мен ауыл шаруашылығына қалай әсер етті?
– Ауданда сыйымдылығы 5,2 миллиард текше метрге жететін Шардара су қоймасы, ұзындығы 106,1 шақырымды құрайтын «Қызылқұм» магистралды каналы бар. Бұған қоса, ауданда ұзындығы 1839,6 шақырым болатын 659 дана ағын су каналы мен ұзындығы 2481,9 шақырымды қамтитын 361 дана қашыртқы орналасқан. Осындай ірі құрылымдардың арқасында аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші – ауыл шаруашылығында 64 мың гектар суармалы жердің жылына шамамен 58 мың гектары тиімді суландырылып келеді. Нәтижесінде аудан бойынша жыл сайын 60 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп отыр.
– Арман Романұлы! Кеңес дәуіріндегі Шардара мен Тәуелсіздік жылдарындағы Шардараны салыстыра отырып, негізгі өзгерістерді атап өтсеңіз.
– Шардара ауданы өзгеге ұқсамайтын табиғатымен ерекшеленеді. Ел арасында бұл өңірді көбіне Қызылқұм аймағы деп атайды. Талай аңызға арқау болған «Қызылдың құмы» – Қызыр бабаның ізі қалған, құт қонған қасиетті мекен. Құмды алқапты жарып ағып жатқан Сырдария өзені де осы жерге тіршілік нәрін дарытып тұр. Сылаң қаққан өзен бойы – қырғауылы мен қояны өрген, тоғайы ну, табиғатының өзі көз тартар ғажап. Осынау Қызылқұм өлкесін игеру мақсатында жасалған алып теңізіміз қазір тек біздің ауданның емес, тұтас облыстың мақтанышы саналады. Ол жағалауындағы табиғи шағыл құмымен туризм кластерін дамытуға таптырмас орын. Міне, осындай ғажайып мекенмен қалай мақтанбайсың?! Мен үшін шағалалы Шардараға жететін жер жоқ деп есептеймін.
Кеңес үкіметі тұсында Шардара қаласы тазалығы және келбетті көркімен бүкіл Одаққа танылған. Молшылығы жағынан аты шыққан Шардараның балығы мен күрішін білмейтін адам жоқ десе де болады. Ал бүгінде Тәуелсіздік жылдары ішінде Шардара қаласы қайта түрленіп, ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар қатары мол болды. Ішкі-сыртқы инфрақұрылым айтарлықтай жақсарып, ауданда ірі әлеуметтік нысандар бой көтерді. Мәселен, Шардара қаласы мен 10 ауылдық округ газдандырылды, аудан орталы-ғынан 260 орындық еңселі спорт кешені, Жаушықұм ауылдық округінен 150 орындық мәдениет үйі салынып, халық игілігіне берілді. Теңіз жағасынан екі қабатты тарихи-өлкетану мұражайы бой түзеді. Бұған дейін «Тұңғыш Президент», «Тәуелсіздік», «Тың игерушілер» саябақтары жұмыс істей бастаса, енді алдағы уақытта аудандағы туризм саласын дамытуға баса мән берілетін болады. Алдағы жылдары Шардара ауданы туризмі дамыған, ауыл шаруашылығы мен өндірісі өркен жайған іргелі өңірге айналатынына менің сенімім зор.
– Арман Романұлы, Шардара өңірінде күріш және мақта шаруашылығы басты салалардың бірі болып саналады. Соңғы жылдары бұл бағытта қандай жаңашылдықтар енгізілуде?
– Шардара ауданында егістік алқаптарды әртараптандыру мақсатында соңғы жылдары мақта дақылының көлемі бір-шама азайып, керісінше күріш егуге басымдық берілуде. Аудан аумағында күріштің элиталық, соның ішінде «Лазер» тұқымдық сорттары егілуде. Бұл сорттардың өнімділігі жоғары, өңдеуге де қолайлы. Сондай-ақ, ауданда күріш өңдеу кәсіпорындарының саны артып келеді. Мысалы, жеке кәсіпкер Е.Қарабаев жұмыс істеп тұрған күріш өңдеу зауытына қосымша қуаты жоғары екінші зауытты іске қоспақшы. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкер М.Сабировтың күріш өңдеу зауыты пайдалануға берілді. Ал 2025–2026 жылдары тағы 2 күріш өңдеу кәсіпорны іске қосылуы жоспарланып отыр.
– Ауданда ағын су, тапшылығы мәселесін шешу үшін қандай шаралар атқарылуда?
– Әзірге ауданда айтарлықтай су тапшылығы байқалмайды. Әйтсе де, жылдан-жылға ағын судың азаюы алаңдатарлық мәселеге айналып келе жатқанын жасыра алмаймыз. Осыған орай ауданда су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүріп жатыр.
Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, суармалы егіс алқаптарында ағын суды барынша үнемдеу мақсаты қойылған. Мәселен, 2024 жылы ауданда 1650 гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілді.
2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 8000 гектарға жеткізу көзделген. Бүгінде Жаушықұм массивінде 1500–2000 гектар жерді тамшылатып суаруға көшіру жұмыстары қолға алынуда. «БНК групп» ЖШС-мен бірлесіп, 27 агроқұрылымның 1311,2 гектарын игеру мақсаты бар. Бұған қоса, 6 шаруаның өз қаржылары есебінен 170 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен ерте пісетін бақша және көкөніс дақылдары егілді. Ағын суды үнемдеудің тағы бір жолы – 7 мың гектардан астам жерге лазерлі тегістегішпен агротехникалық шаралар жүзеге асырылуда.
– Кәсіпкерлікті дамыту және жаңа өндіріс орындарын ашу бағытында қандай қолдау көрсетілуде?
– «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы 2025» бағдар-ламалары аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №43 қаулысымен 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде еліміздегі барлық кәсіпкерлер мен шаруа-ларға екінші деңгейлі банктер арқылы несиелер қарастырылған. Сол несиелерді «Даму» қоры арқылы кепілдендіріп, субсидиялау мүмкіндіктері бар. Мұның барлығы біздің ауданымызда да жүйелі түрде іске асырылуда.
– Соңғы жылдары ауданымызда қандай әлеуметтік нысандар бой көтерді?
– Ауданымызда инфрақұрылым және әлеуметтік салалар бойынша бірқатар нысандардың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мәселен, Шардара қаласының 4-ші мөлтек ауданының 1-кезеңіне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарының құрылысы жүргізілді. Сол сияқты 4-ші мөлтек ауданы №50 көше №16 учаскесінен және №50 көше №16-1 учаскесінен 2 қабатты 10 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Мұнай база ауылынан 60 орындық Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш мектеп салынды. «Әсем ай» мөлтек ауданында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы (электрмен жабдықтау желісі), «Нұр-Отан» мөлтек ауданында (электрмен жабдықтау, су мен құбыр желісі) іске қосылды. Әл-Фараби және Астана көшелері бойынан 4 қабатты 40 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы да пайдалануға беріліп отыр.
Одан бөлек Шардара АІІБ ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Жаушықұм ауылында мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, Қоссейіт елді мекенінде су мен электр желілерін тарту сияқты инфрақұрылымдық жұмыстар жүзеге асты. Шардара қаласы, Қ.Тұрысбеков көшесі бойынан судан құтқару бекеті ғимара-тының құрылысы да сапалы жүргізіліп, пайдалануға дайын тұр. Сонымен бірге 4-ші мөлтек ауданына су желілерін жүргізу (2-кезең) жұмыстары толық аяқталды.
– Спорт кешендері мен демалыс орындарының көптеп ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасына қалай әсер етуде?
– Бүгінгі қоғамымызда саяси әрі әлеуметтік өзгерістер үдей түсуде. Осыған сәйкес адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, сана-сезімі мен әдет-ғұрпы да жаңаша сипат алуда. Ал денсаулықты сақтау мен нығайту – ең басты міндеттердің бірі. Спорт кешендерінде қолайлы жағдай жасалып, тиісті қондырғылар орнатылса, халықтың салауатты өмір салтына бейімделуіне, әсіресе оқушы-жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне үл-кен мүмкіндік туады. Оның үстіне жат қылықтардан аулақ жүріп, дене шынықтырумен үнемі айналысуға жағдай жасалған кезде, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсара түседі.
– VII – VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың төрағасы қызметін атқардыңыз. Сол кездерде қандай ауқымды мәселелер шешімін тапты?
– Аудандық мәслихат төрағасы қызметін атқарған уақытта, бюджеттен қаржы бөлдіру мәселелерін мәслихат депутаттарымен бірлесе талқылап, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асыруға септігімізді тигіздік. Мысалға, елді мекендердегі ішкі көшелер мен аудандық маңызы бар жолдарды орта және күрделі жөндеуден өткізу, Шардара қаласы мен ауылдық округтерге табиғи газ желілерін тар-ту, қаланы абаттандыру, тұрғын үй мас-сивтеріне жаңадан электр желілерін жүр-гізу, ауыл округтердегі каналдарды тазарту, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арнап көппәтерлі тұрғын үй құрылысын салдыру сынды маңызды істерге өзімнің азаматтық үлесімді қостым.
– Аудан тізгінін қолыңызға алғалы көптеген жұмыстар атқардыңыз. Солардың негізгілерін атап өтсеңіз.
– Аудан басшылығына келген сәттен бастап, ең алдымен ауданға қарасты елді мекендерді аралап, тұрғындармен жүздесіп, негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды анықтадық. Соған байланысты күрмеуі күрделі істердің тізімін жасап, кезең-кезеңімен шешу жоспарын әзірледік. Мәселен:
Елді мекендердегі ішкі көшелерге орта және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шардара қаласының Абай, Қызылжар, Ақбала, Майқала, Төменгі-Тоғай мөлтек аудандары мен Жаушықұм, Ақберді ауылдарына табиғи газ желілері, тартылып, пайдалануға берілді.
Шардара қаласының «Әсем ай» шағын ауданында 64 пәтерлік жеке тұрғын үйлер құрылысы, 4-ші шағын ауданында 60 пәтерлі екі көпқабатты үй құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Алдағы уақытта тағы 3 көпқабатты үйдің құрылысы бітсе, ауданның 60 жылдық мерейтойы қарсаңында тапсыру жоспарлануда;
Шардара қаласы Наурыз мөлтек ауданына жаңа электр желілері жүргізіліп, пайдалануға берілсе, қалада жаңадан «Болашақ» саябағының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуі жоспарлануда.
– Қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мақсатындағы «Тама-Тастанбек» жобасы жайлы естуіміз бар. Осы жоба туралы айтып өтсеңіз.
– Шардара қаласының халқы ауыз су ретінде негізінен Шардара су қоймасының суын тұтынады. Қалалық бас су торабының тазарту стансасы Кеңес дәуіріндегі ескі технологиямен салынған әрі бүгінде әбден тозған. Пайдаланып келе жатқан қондырғылар өндірістен шығарылып тасталған, оларды жасайтын зауыт та қалмаған. Жылдың шілде-қыркүйек айларында су қоймасындағы деңгейдің төмендеп кетуіне байланысты су-дың сапасы да күрт нашарлайды. Қалалық бас су торабының қуаты тәулігіне 12 000 текше метрді құраса, қыс мезгілінде қалаға 5000 текше метр, жаз мезгілінде шамамен 8000 текше метр су беріледі. 2012 жылы ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен «Тама – Тастанбек» жер асты су қорына қайта барлау жұмыстары жүргізіліп, ауыз судың сапасы мен қоры жайлы оң қорытынды алынды. Сөйтіп, 2021 жылы бюджеттен 30 миллион теңге қаражат бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама жасалды. 2023 жылдың 18 тамызында №01-0339/23 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сметалық құны 16 млрд 975,526 млн теңгені құрайды.
Бұл жоба аясында «Тама» құдығынан Шардара қаласына дейін 39,28 шақырымға, диаметрі 500 мм болатын екі бірлік полиэтилен су құбырын төсеу, 8 бірлік ұңғыма қазу (6 жұмыс істейтін, 2 резервтік), әрқайсысының сыйымдылығы 3600 текше метрлік 2 резервуар салу сияқты ауқымды жұмыстар жоспарда бар. 2023 жылдың 18 қаңтарында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы ұйымдастырған тендерде «Алтын Констракшн» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, конкурс құны 16 млрд 544,34 млн теңгені құрады. 31.01.2024 жылы аталған мекемемен келісімшарт түзілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сай жүргізіліп, 2026 жылға дейін жалғасады.
– Шардара ауданының орналасу аймағы мен Шардара су қоймасының болуы – туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік беретіні анық. Экотуризмді дамыту мақсатында қандай жобалар жүзеге асырылуда?
– Теңіз жағалауына демалыс кешендерін салу және қажетті құжаттарды заңдастыру жұмыстары аяқталса, ҚР Үкі-метінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес жұмсалған шығынның 10 пайызы субсидияланады. Бұл – кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау болмақ. Алда ауданда экотуризмді дамытуға бағытталған іргелі бастамалар көбейеді деген сенім бар.
– Шардара топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі спортшылар туралы айтып өтсеңіз.
– 2001–2024 жылдар аралығындағы қол жеткен табыстармен бөлісе кетсем. Осы кезеңде «Шардара-Армспорт» спорт клубының 113 спортшысы – Әлем чем-пионы, 115 спортшысы – Әлем чемпионатының жүлдегері, 26 спортшысы – Әлем кубогының иегері атанды. Сондай-ақ 347 спортшымыз – Азия чемпионы, 284 спортшымыз – Азия чемпионатының жүлдегері, 97 спортшымыз – Азия кубогының иегері. 498 спортшымыз – Қазақстан Республикасының чемпионы деген атаққа қол жеткізсе, 85 спортшымыз – халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Бұған қоса, 70 спортшы – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанып, 130-ы – ҚР спорт шебері деңгейіне жетіп, 583-і – спорт шеберлігіне үміткер болып отыр. Сондай-ақ 5 жаттықтырушымыз «Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы» деген құрметті атақ алды. Қажырлы жаттығулар мен тынымсыз ізденістің арқасында қол күресінен осындай биік дәрежеге қол жеткізіп отырмыз.
– Спортты дамыту мақсатында болашақта қандай жобалар іске аспақ?
– Қазіргі сәтте «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Сүткент ауылдық округінен спорт кешенінің құрылысы басталды. Келешекте Алатау батыр, Қауысбек Тұрысбеков, Ұзын ата ауылдық округтерінен де спорт кешендерінің құрылысын «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруға өтінім беріп отырмыз. Қаржы бөлінсе, құрылыс жұмыстарын дереу бастаймыз.
– Сізді көпшілік аудан басшысы ғана емес, танымал спортшы ретінде де біледі. Спортқа келуіңіз жайлы да, аудандағы спорттың дамуы жөнінде де айтып өтсеңіз.
– Мен 2001 жылы спорт мектебіне жаттықтырушы ретінде қабылдандым. Сол кезде Шардара аудандық армрестлинг спорты федерациясының негізін қалап, оның аяққа тұруына басшылық жасадым. Әу баста Шағалалы өңірде қол күресі спортында жаттығатын небәрі бес жігіт едік. Арада өткен 24 жыл ішінде «Шардара Армспорт» командасының қанаты мейлінше кеңге жайылды. Бастапқы бесеудің саны бүгінде жалпы аудан бойынша жеті жүз спортшы жасқа жетті.
Әрине, алғашқы қадам оңай болған жоқ. Қандай бастама болсын оның өзіне тән қиындығы болады. Қаржы жағынан жетіспеушілікті көп көрдік. Дегенмен, біз мақсатымызға берік болып, кез келген кедергілерден тайсалмай, алға ұмтылуды басты қағида санадық. Спортшылардың саны көбейіп, жаңа ғимарат қажеттілігі туындаған соң, 2016 жылға дейін №1 М.Әуезов атындағы орта мектептің жертөлесінде жаттыға бердік. Кейін халықаралық додаларда жеңген сыйақыларымызды жинап, асар әдісімен «Шардара Армспорт» клубының арнайы спорт залын аштық. Бұл – талай жыл көздеген арманымыз еді. Чемпиондарды насихат-тау әрі бос жатқан жерлерді игеру мақсатында «Чемпиондар аллеясын» ашып, бұрын күл-қоқыс басып жатқан тұсты түгел тазартып, үш жүзге жуық сәндік ағаш көшетін отырғыздық.
Қазіргі таңда «Шардара Армспорт» клубында қол күресінен бөлек, гір тасын көтеру, ауыр атлетика, дзюдо, каратэ, бокс, найза және ядро лақтыру, зияткерлік ойындар, асық ату, пауэрлифтинг, таеквондо залдары жұмыс істеп тұр. Барлығында жасөспірімдер тегін жаттығу жасай алады.
– Алдағы 10–20 жылға арналған Шардара ауданының даму жоспары қандай?
– Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін дамыту басты назарда (мысалы, «Казкрахмал» ЖШС, «Агрика-Азия» ЖШС, «Акфа-Түркістан» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны). Туризм саласына келсек, Шардара су қоймасы жағалауынан туристік аймақ қалыптастыру көзделуде. Алдағы жылдары құны 51 млрд теңгені құрайтын 16 жобаны іске асыру жоспарымызда бар. Оның ішінде 10 қонақ үй, 1 яхта клубы, 1 фитнес орталық, 1 спорттық база, 1 балықшылар үйі, 2 ұлттық мейрамхана салу қарастырылған.
Балық шаруашылығын дамыту бағытында «ВИТА» ЖШС, «Болашақ» шаруа қожалығы, ЖК «Жалғасбаев» сияқты кә-сіпорындармен бірлесе жұмыс атқарылады. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу да күн тәртібінен түспек емес.
– Жастарды ауылда тұрақтандыру үшін қандай жағдайлар жасалуда?
– «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биыл 663 млн теңгеге 113 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 8 маманға 3 млн теңге көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы берілді. 2025 жылға қарай 59 маманға жалпы 23,2 млн теңгеге бір реттік көтерме жәрдемақы, тағы 3 маманға 23,6 млн теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру жоспарда бар. Осындай бағдарламалардың барлығы жастардың ауылда тұрақтап, еңбек етуіне зор мүмкіндік береді.
– Ауданның 60 жылдық мерейтой аясында қандай маңызды іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр?
– Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай, 11 сәуір күні қол күресінен ауқымды іс-шара өткізуді көздеп отырмыз. Бұл шарада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында «Шардара Армспорт» клубының спортшылары Өзбекстан елінің қол күрес шеберлерімен жекпе-жекке шығып, ел намысын қорғайды. Сонымен қатар сол күні «Болашақ» саябағының ашылу рәсімі өтеді.
Мерейтой аясында 60 отбасыға Шардара қаласынан көп пәтерлі тұрғын үйлердің кілттері тапсырылады. «Алты алаш» алаңында мерекелік гала-концерт пен отшашу ұйымдастырылады.
– Арман Романұлы! Мереке қарсаңында уақытыңызды бөліп сұхбат бергеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы кезде де өзіңіздің басшылығыңызбен Шардара ауданы бұдан да биік жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз. Рақмет!
– Сіздерге де рақмет! Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойы құтты болсын!
Алдағы уақытта ауданда әлі талай игі істер жүзеге асады деген сенімдемін.