Қазақ ұлтының арда азаматы, Ресейдің мемлекет және қоғам қайраткері, 20 жылдан астам уақыт Кемерево облысын басқарып «Халық губернаторы» атағын алған Төлеев Амангелді Молдағазыұлының туылғанына 80 жыл толуына және бақилық болғанына бір жыл толуына орай Шардара қаласындағы «Мүлкі-ата» қорымында марқұмға арнап салынған кесененің ашылуы болды. Бас шебер маңғыстаулық Мәдиев Қадірғали Сұлтанмұратұлының сызбасымен, Адай ата ұрпақтары – «Мұңал-ата қарашаңырақ» қорының демеушілігімен тұрғызылған кесене Амангелдінің әкесі Молдағазының бейітіне жақын жерде бой көтерді.
Кесененің салтанатты ашылу рәсімін бұрын Шардара қаласының әкімі қызметін атқарған, Қаржы саласының үздігі Дүйсен Бұхарбайұлы Әділханов жүргізіп отырды.
«Балықшы-ата» қоғамдық қорының төрағасы Төлемісов Матай Абилашұлы, ақтаулық имам Серік Қантөреев және Амангелді ағамыздың немерелес інілері Бекет Әлжанов, Жүніс Рахмет, Мұңал Ата ұрпағы Қойшыбек Бегамановтар Амангелді ағамыздың жерленген жерінен арнайы әкелінген топырақты “Тұрпат” ретінде кесенеге қойды. Ерте заманнан алыстағы ағайынның марқұмның жерленген жерін іздеп баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, жерленген жерден топырағы әкелініп “тұрпат” ретінде сол жерде құран оқытылып отырған.
Одан кейінгі кезекте Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, Қаржы қызметінің үздігі Дүйсен Әділханов кесененің шымылдығын түсірді. Қалдыбаев Наурызбай имам Амангелді Төлеевтің рухына арнап құран бағыштады.
Алғашқы сөз кезегімен естелік айтқан Амангелдімен үзеңгілес болып бірге жүрген Павлодар облысының Құрметті азаматы, ішкі істер органдарының ардагері Боранбай Сқақов:
– «Елі барда ер елеусіз қалмайды» деген қағиданы құлағым есітіген болса, енді көзім де жетіп отыр. «Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» демекші, мен Күзбасстың тумасымын. Аманмен қоғамдық ғылым академиясында 1986-1989 жылдары бірге оқып, бірге дос болып, талай оқиғаны бастан өткердік, – деп Амангелдінің 50 жасқа толған мерейтойына арнап жазған өлеңін оқып берді.
Келесі сөзге шыққан Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев Ресейдің мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Төлеевтің Ресей президенттігіне үш рет өзін ұсынғанын, осы арқылы қазақ халқының мәртебесін көтергенін, Күзбастағы жарылыста ерлік көрсетіп, террористермен сөйлескенін, Кемеревоға Губернатор болып, Ресейдің үш Президентінің тағайындауын және сайлау кезінде халықтың 96-99% қолдауларын алғанын атап өтіп, аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының Құттықтау хатын оқып берді.
Сол сияқты «Мұңал-ата қарашаңырақ» қорының төрағасы, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Жаңбырбай Дәрменов, Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, Жетісай ауданы «Кетебай» өндірістік кооперативінің құрылтайшысы Сәду Бекенов, Шардара аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесовтер Амангелді Төлеевтің қазақ отбасында дүниеге келіп, Ресей Федерациясында өсіп-өніп, қатардағы қызметтен мемлекеттік деңгейге дейін көтерілгенін, «Халық губернаторы» деген атаққа ие болған жалғыз адам екенін, сонымен қатар басқа халыққа қазақ халқын танытқан, өр тұлғалы, қайсар мінезді, өз ойын ашық айта алатын ақылына көркі сай азамат болғанын, бүкіл ел танығанын, өмірден өткенінде бүкіл қазақ халқы қайғырып, аза тұтқанын атап өтіп, есімі ел есінде сақталып, атқарған ісі ұрпақтан ұрпаққа өнеге болатынын айтты.
Кесененің ашылу шарасын қорытындылаған «Балықшы-ата» қоғамдық қорының төрағасы Төлемісов Матай Абилашұлы Амангелді Молдағазыұлының жаназасы, жеті күндік, қырық күндік, жүз күндік еске алуларында жан-жақтан ағайындар, туысқандар, қоғам және мемлекет қайраткерлері бәрі қатысып, жақсы тілектерін айтқанын, бүгін болса сонау Кемереводан топырағы әкелініп әкесінің қасында салған кесенесіне қойылғанының куәсі болып отырғанын, бұл күннің Қазақстан тарихында қалатын ерекше күн болғанын атап өтіп, шараға қатысқан барша азаматтарға деген ризашылығын білдірді. Соңынан қорымда ас беріліп, Төлеев Амангелді Молдағазыұлының рухына арналып құран оқылды.
Қазақтың арда ұлы Амангелді Төлеевті еске алу шарасы қаладағы «Бақдәулет» мейрамханасында жалғасын тауып, онда Сергей Азимовтың түсірген жарты сағаттық деректі фильмі көрсетіліп, Маңғыстаудан келген «Сегіз Арыс» қоғамдық қоры бірлестігінің төрағасы Тұрар Рахмет фильмді көріп, қатты толқып тұрғанын, Амангелді жайлы тоқтаусыз бірнеше күн естеліктер айтуға болатынын, бүгінгі өткізіліп жатқан шараның бұл істің бастамасы болып, әлі мұнан да ауқымды істер атқарыла беретіндігін атап өтті. Сол сияқты Шардара ауданының зиялы қауымы атынан Бәкір Қалмырза мен Дәулет қажы Үзденбаев, деректі фильм авторы Сергей Азимов, Амангелді Молдағазыұлының немере інісі Бекет Әлжанов, жаназасын оқыған ақтаулық имам Серік Қантөреев, атыраулық Өскен Дәулетов, ақтөбелік Жанат Айтмаханбетовтер өз естеліктерімен бөлісіп, жылдық еске алу шарасын ұйымдастырушыларға деген алғыстарын білдіріп, алдағы кезде де осындай іс-шаралар ұйымшылдықпен бола берсін деген тілегін білдірді.
Келесі кезекте Амангелді Төлеевтің кесенесін салуға атсалысқан «Мұңал-ата қарашаңырақ» қоғамдық қоры бірлестігінің азаматтарының да естеліктері мен тілектері тыңдалып, олардың еңбектері аталып өтіп, «Балықшы-ата» қоғамдық қорының төрағасы Төлемісов Матай Аблашұлы әрқайсысының иығына шапан жауып, ат мінгізді (500 мың теңге). Сол сияқты осы салтанатты еске алуда шардаралық Төреұлы Әбдішке «Амангелді Төлеевтің 80 жылдығы» медалі табысталды.
Ресей мемлекетінің қоғам қайраткері Амангелді Төлеевтің жылдық еске алу шарасы Жаңаөзендік ақсақалдардың естелік-тілектеріне жалғасып, қорытындысында Әділханов Дүйсен Бұхарбайұлы ұрпақтар сабақтастығымен адамзат мың жылдап жасап келетіндігін, сәт сайын саналы тірліктің жалғасын тауып жатқанының бір куәсі – Амангелді Молдағазыұлына тұрғызылған кесене екендігін атап өтіп, ұлт ардақтысына тағзым етіп алыс-жақыннан келген барша азаматтарға, Шардарадағы жылдық астың жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосқан Мұса Бұхарбайұлы, Құдайберген Қабиұлы, Тұралы Жаулыбайұлы, Аралбай Тұрғанбайұлы, Исатай Бұхарбайұлы және де басқа барша шардаралықтарға, арда ұл туралы естеліктер топтамасын жариялап, жылдық күнтізбесін шығарып, оның 500 данасын алыстан-жақыннан келген азаматтарға таратып, халықты жаңа деректермен сусындатқан аудандық «Шартарап-Шарайна» газетінің ұжымына деген алғысын білдірді. Соңынан Жаңаөзеннен келген Жаңбырбай Райымұлы ақсақал еске алу асының батасын жасап, Асылхан қажы Данияров Амангелді Молдағазыұлының рухына арнап құран оқыды.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ