ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округі Сырдария жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен "Деструктивті діни ағымдардың алдын алу"

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округі Сырдария жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен "Деструктивті діни ағымдардың алдын алу", - тақырыбында кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер теолог маманы А.Данияров, Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округі әкімі аппартының бас маман, заңгері Е.Рсалы қатысты. Кездесудің жалпы мақсаты дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен зайырлылық мәселесін түсіндіру, деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, құндылықтарын насихаттау.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Жастардың діни сауаттылығы - қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Ислам дінінде ешқандай кемшілік жоқ. Бар мәселе біздің оны дұрыс түсінбеуімізде. Ислам әлемінің өз кемеліне келмей, көштен кенже қалып, тоқырауы дінге байланысты емес, оның себебі, азған ақыл, зейінсіз жүрек, түйсіксіз түсініктің салдарынан және дін мен түйінді мәселелері көп қазіргі өміріміздің өзара үйлесімін терең түсіне алмауда. Жастардың рухани және діни сауатты болуы - кезек күттірмес мәселелердің бірі. Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз. Жастарымыздың жат діни ағым жетегіне кетудің ең алғашқы, басты себебі - діни білімсіздіктен туындайды. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

#ҮздікАТТ

#ҮздікАТТ2025

#Үздіктеолог

#78

#АТТісшара

#Шардара_ауданы_Түркістан_облысы.
Made on
Tilda