Көп жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келе жатқан тәжірибелі ұстаздардың бірімін. Өз сабақтарымда оқушыларымның білім, білік дағдыларын қалыптастырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында қазіргі жаңа педагогикалық технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып өтемін.
Жақсы мұғалім – қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашыл болуы тиіс. Сондықтан да заман талабына қарай оқушыны сабаққа қызықтырып, үнемі ізденіс үстінде жүремін. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында біздің ана тіліміз, тарихымыз, мәдениетіміз, психологиямыз, салт-дәстүрміз, әдет-ғұрпымыз, музыкамыз айтылады. Яғни сабақты өтіп қана қоймай, оқушыларымды отансүйгіштікке тәрбиелеу – менің басты мақсатым.
Оқушыларым аудандық, республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындардан көрініп жүр. Қазақ тілінен республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңінде «Білгірлер бәйгесі» байқауынан 8 сынып оқушысы Әнуарова Сабина жоғары дәрежеде өнер көрсетіп ІІІ дәрежелі дипломмен, «Жарқын болашақ» олимпиадасының жас өнерпаздар арасында өткізілген «Әнші бұлбұлдар» атты аудандық өнер байқауынан 10 сынып оқушысы Сәрсенбай Ақниет «Күміс көмей әнші» номинациясымен марапатталды. Республикалық «Абайтану» олимпиадасының «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Анықбек Мерейлім қатысып, І орынды иеленді. «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен өткізген «М.Мақатаев оқулары» конкурсынан 9 сынып оқушысы Алдамұратов Нұрила – бас жүлде, 11 сынып оқушысы Жаманхан Шәмші – І орын, 10 сынып Шәмшиева Қарлығаш – І орын, 9 сынып оқушысы Анықбек Мерейлім – ІІ орынды иеленді. «Ахмет Байтұрсынов – ұлтымыздың ұлы ұстазы» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауына Қалдарбек Балмекен қатысып, сертификат иеленді.
Шәкірттерімнің биікке қанат қаққаны – мені әрдайым қуанышқа бөлейді. Мен өзімнің шәкірттеріммен мақтанамын.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дегендей, «Жақсы ұстаз», «Сүйікті ұстаз» болу үшін, шәкірт жүрегінен орын алуымыз қажет-ақ. «Ұстаз» деген ардақты есімге кір келтірмей, шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып жүрген осы жиырма жылдай уақытта «Шәкірт жанының бағбаны» атанғаныма еш өкінген емеспін. Елдің ертеңі, келешегі, жастарды тәрбиелі де білімді етіп шығару – біздің ұстаздық парызымыз.
Таленова Меруерт Мақсұтқызы –
Қоссейіт жалпы білім беретін мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі