ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Қоғам тұрақтылығы мен азамат амандығы – басты байлық!

Бүгінгі заманда әрбір азаматтың өмір сүру деңгейі мен бақытты болуы оның айналасындағы ортаға тікелей байланысты. Қауіпсіз орта – бұл тек қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың болмауы ғана емес, сонымен қатар психологиялық жайлылық, әлеуметтік қорғаныш, экологиялық тазалық пен рухани тұрақтылық. Осындай жағдай қалыптасқанда ғана ел іргесі берік, халқы бақытты болмақ.
Мектептегі қауіпсіздік – болашақ ұрпақтың амандығы. Білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда. «Қауіпсіз мектеп» жобасы арқылы оқушыларды буллингтен қорғау, ақпараттық қауіптерден сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Әрбір ата-ана мен ұстаздың бірігіп атқарған әрекеті бала тәрбиесінде оң өзгерістерге жол ашады.
Отбасы – тыныштықтың алтын ұясы. Азаматтың қауіпсіздік сезімі – ең ал-дымен өзінің отбасы арқылы қалыптасады. Үйде тыныштық болса, қоғамда да тыныштық орнайды. Ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас, түсіністік пен мейірімділік – отбасылық қауіпсіздіктің негізі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр.
Саналы қоғам – сенімді келешек. Бақытты қоғам – бұл өз құқықтары мен міндеттерін білетін, заң мен тәртіпті құрметтейтін, қоғамның тыныштығына өз үлесін қосатын азаматтар қоғамы. Қауіпсіз орта әр адамның санасынан басталады. Бір-бірімізге сыйластықпен қарасақ, қоғам да, мемлекет те өркендейді.
Қауіпсіз орта – бақытты қоғамның басты кепілі дей аламыз. Әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы – қауіпсіз ортаға байланысты. Біз осы құндылықтарды бірігіп сақтай білсек, еліміздің болашағы жарқын болмақ.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ.
Made on
Tilda