Түркістан облыстық білім беру басқармасының «Қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен «Дарын» мектеп-интернаттары, мектеп-интернаттар, арнайы мектеп-интернаттары, балалар үйлері ұстаздары арасында Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде «Өнерлі ұстаз – 2024» байқауы өтті. Оған облыс аумағынан 25 ұстаз қатысып, «Сәлемдесу», «Дублер күні» және «Өз өнері» бойынша бақтарын сынады.
Ұстаздың тарихи танымдық деңгейін, педагогикалық-психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау, тәрбие жүйесінде ұстаздардың жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ерекше көңіл бөлу, жаңартылған білім жүйесіндегі тәжірибелерімен өзара бөлісу, сонымен қатар ұлттық және жалпыадамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру, зерделеу және насихаттау арқылы олардың музыкалық-теориялық пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытындағы байқауға М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаттың орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тургинбаева Раушан Сақыпқызы да қатысты.
Байқаудың «Сәлемдесу» кезеңінде өзін керемет өлең шумақтарымен таныстырып өтіп, «Дублер күні» кезеңінде жеребедегі тапсырма бойынша биыл туылғанына 125 жыл толған академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі, еңбектері жайлы жаңа мәліметтерді ұсынды. Ал, «Өз өнері» кезеңінде жергілікті өнерпаздарды жігерлендіру, Шардараның туристік әлеуетін арттыру мақсатындағы Шардара туралы түсірілген видиороликті лед экраннан көрсете отырып, шардаралық сазгер Ахмет Молдағұловтың «Кел, досым, Шардараға» әнін орындады.
Нәтижесінде Раушан Сақыпқызы облыс ұстаздары арасында өткен «Өнерлі ұстаз – 2024» байқауында үздік шығармашылығы және жоғары деңгейдегі сахна шеберлігі үшін орталық басшысы Б.Ешенқұловтың II Дәрежелі дипломымен марапатталды.
Раушан Сақыпқызы бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» РFПО-ның ұйымдастыруымен 2023 жылы Алматы қаласында өткен «Дарынды балаға – талантты ұстаз» байқауының республикалық кезеңіне қатысып, «Дарын» РFПО директоры Ғ. Тұрғыновтың Алғыс хатымен, 2024 жылы «Игілік» республикалық жанұялық басылымының «Құрмет иесі» жинағына және журналына мақалалары жарияланып, «Ардақты ұстаз» медалімен, бас редактор Меруерт Айтенованың Алғыс хатымен марапатталған. Басқа да бірнеше байқаулардың жеңімпазы.
Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере жүріп, өзінің де таланты мен шығармашылығын арттырып, жетістіктерге жетіп жүрген Раушан Сақыпқызына жетістігің алда молынан бола берсін дейміз.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ