ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Деструктивті діни ағымдардың алдын алу

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық ауылшаруашылық бөлімінің қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Ұлтаралық татулық және дінаралық тұрақтылық» - тақырыбында кездесуге аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл қатысты.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов: Биыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бірлік, татулық және ынтымақ - елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құндылығы. ҚХА-ның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлықэтностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтай отырып, елдегі бірлік пен келісімді қамтамасыз ету. Ассамблея азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, этносаралық қарым - қатынасты дамытуға, сондай - ақ мемлекет пен қоғамарасындағы диалогты нығайтуға бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 18 конфессия және 3800 - ден аса діни бірлестік өзара татулықта өз қызметтерін атқарып келеді. Əлемдегі кез - келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі - ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады деп сөзін қорытындылады.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров:

Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсеткісі келеді. Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығаруүшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет екенін жеткізді.

#ҮздікАТТ

#ҮздікАТТ2025

#Үздіктеолог
Made on
Tilda