ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Бахыткүл медальмен марапатталды

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Шардара аудандық комитетінің төрайымы Биманова Бақыткүл Құрмантайқызы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталиннің шешімімен «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалімен марапатталды.
Бақыткүл Құрмантайқызы Мақтаарал ауылшаруашылығы колледжін экономист, Шымкент инновациялық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын Шардара аудандық білім бөлімінде хатшылық қызметтен бастап, 1993-2006 жылдар аралығында мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағы Шардара аудандық комитетінің қаржы бөлімінің есепшісі қызметін атқарған. Ауданда 40-тан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құрып, олар тұрақты жұмыстар атқаруда.
Осы ұйымдардағы қызметі үшін аудан әкі-мінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республика-сы мемлекеттік, банк мекемелері және қоғам-дық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіп-одағы орталық комитетінің Құрмет грамота-сымен, «Кәсіподақ қайраткері» медалімен, ҚР кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ-тарға сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісі-мен, ОҚО мәслихатының грамотасымен марапатталған Биманова Бахыткүлді жаңа же-тістігімен құттықтай отырып, алдағы жұмыс-тарында табыстарға жете беруіне тілектесті-гімізді білдіреміз.
«Шартарап-Шарайна»
газетінің ұжымы
Made on
Tilda