Ауданымызда балалар мерекесіне орай, көптеген іс-шаралар өтіп, бірқатар нысандар ашылып, аптамыз жағымды жаңалықтармен толығуда. Олай дейтініміз – аталмыш мереке қарсаңында 100 отбасы баспаналы болды. Пәтер иелерінің қуанышымен аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев арнайы құттықтады:
–Балдырған балапандардың мерекесі құтты болсын! Ең әуелі солардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін бүгін аудан тұрғындарына қос мереке болмақ. Себебі, осы мерекеге орай қаламыздың 4-ші шағын ауданынан жаңадан салынған екі қабатты алты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға пайдалануға берілгелі отыр. Қаншама отбасы, қаншама бала-шаға қуанышқа бөленіп жатыр. Өз үйі, өз шаңырағында өскен балалардың көзінен күлкі, жүзінен қуаныш көру – бәріміз үшін зор бақыт. Бүгінгі мерекеде ауданымыздағы жаны жомарт, қолы ашық белгілі жеке кәсіпкерлер – Талғат Жалғасбаев, Дәулетбек Бектасов және Ержан Қарабаевтардың демеушілігі тарапынан екі қабатты алты тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, өздеріңізге тапсырғалы отырмыз. Сіздерге айтарым – шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақ пен берекеге толы болсын! –деген аудан әкімі бұдан бөлек, тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал санатындағы және аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында келесі жылдың соңына дейін тағы да 120 пәтер сатып алу жоспарланып отырғандығын жеткізді.
Құттықтау сөзден соң, аудан әкімі үй құрылысын жүргізген кәсіпкерлерге арнайы Алғыс хат тапсырып, үй иелеріне салтанатты түрде тұрғын үй кілтін табыстап, ауданымызға белгілі ағаларымызбен бірге лентасын қиды.
Өз кезегінде көптің атынан сөз алған 2-ші топ мүгедегі Зульфия Орынбекова риза көңіл, ақ алғыстарын ақтарды:
–Өз баспанам болғанын қаншама жылдан бері күтіп жүрдім. Екінші топ мүгедегі ретінде үй кезегіне тұрған болатынмын. Бүгін, міне, қуанышымда шек жоқ. Ел ағаларына, аудан басшысына рахмет айтамын. Осындай қуанышты күндеріміз көп болып, мерекеде жақсылыққа қол жеткізе берейік! –деп өз ризашылығын білдірді.
Ақбота Өсербай