ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Сүткент ауылдық округі тұрғындарымен "діни ағымдардың алдын алу" тақырыбында кездесу өтті

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Сүткент ауылдық округі тұрғындарымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Ұлтаралық татулық және дінаралық тұрақтылық» - тақырыбында кездесуге аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қамқорлық отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры И.Әділхан, АПБ-нің ЖПҚБ-нің бастығы, полиция подкполковнигі Қ.Абитаев, ауыл әкімі Қ.Кенбай қатысты.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов: Биыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бірлік, татулық және ынтымақ - елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құндылығы. ҚХА-ның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлықэтностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтай отырып, елдегі бірлік пен келісімді қамтамасыз ету. Ассамблея азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, этносаралық қарым - қатынасты дамытуға, сондай - ақ мемлекет пен қоғамарасындағы диалогты нығайтуға бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 18 конфессия және 3800 - ден аса діни бірлестік өзара татулықта өз қызметтерін атқарып келеді. Əлемдегі кез - келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі - ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады деп сөзін қорытындылады.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров:

Кез келген деструктивтік діни ұйымы және оның жетекшілері өзінің қатарына жаңа адептерді тартуға ұмтылып, бірінші кезекте олардың өмірлік маңызды мұқтаждықтарына назар аударады. Сондықтан, адамды деструктивтік діни ұйымына тарту себептері жетерлік, олардың арасында: көбіне психологиялық жағдайы әлсіз, ойлау деңгейі төмен, енді қалыптасып келе жатқан жасөспірімдер немесе әлеуметтік жағдайы нашар адамдар кіреді. Деструктивгі ағымдарда жасырын психологиялық зорлық қолданылады. Мұның көрінісін жеке адамның (лидердің) немесе адамдар тобының (басқарушы топ) басқа адамдардың санасына, өміріне адамдардың саналы түрде келісімінсіз мақсатты түрде заңсыз әсер етуді орнатуынан байқауға болады. Ол адамдардың табиғи емес және заңсыз лидерлер мен доктринаға мойынсұнушылық пен тәуелділіктің қалыптасуы мен сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Жастардың діни көзқарасына олардың ата - анасы әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Көп жағдайда солай болады. Ата - ана бір көзқараста, бала басқа көзқараста болу - өте сирек кездесетін жағдай. Сондықтан жат діни ағымдар өкілдерінің санының артуының бір себебін осыдан көруге болатынын айтты.

#ҮздікАТТ

#ҮздікАТТ2025

#Үздіктеолог
Made on
Tilda