ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Заңына, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру, (формуляциялау) өткізу және қолдану қызметін лицензиялау ережелерін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы №757 қаулысына сәйкес жасалынған. Аталмыш қызмет түрімен тек арнайы лицензия, яғни өндіру, өткізу қолдану қызметі кіретін жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Қызметті лицензиялауға рұқсат қағаздарын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Осы қызмет түріне белгіленген біліктілік талаптары, деңгейі сай субьектілер танылады. Қолдану мерзіміне шектеу қойылмайды, иеліктен шығарылмайды еліміздің барлық аумағында қолданылады. Жалпы пестицидтер ұғымы – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді обьектілер мен текті түрлерге, сақталатын ауылшаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу, пайдаланылған химиялық және биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефолианттар, десиканттар);
Өсімдік қорғау Заңы өсімдіктерді зиянкестерден, арамшөптерден және өсімдік ауруларынан қорғау саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және егіс өнімін, оның сапасын сақтау мен ҚР аумағында фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін болғызбауға бағытталған.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруашылықтар Заңның 13 бабының 1 тармағында қызметі фитосанитариялық бақылау обьектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның ведомствосына фитосанитариялық есептілікті табыс етеді. Ағымдағы жылы бүкіл еліміз бойынша жүйені цифрландыру бағытында пилоттық жоба ретінде әрбір ауылдық округтен шаруа қожалықтары тізімі енгізілді. Аудан бойынша жалпы 42 қожалық тіркеу сатысынан өткізілді. Одан әрі қозғалыс айқындалған кезден бастап әрбір ауылдық округтің жер маманы инспекторлары өздері ұсынған шаруа қожалықтары бойынша тиісті жұмыстарды басшылыққа алып, есептілік тапсырған қожалықтар туралы мәліметтерді инспекцияға ұсынып отырады. Сондықтан да ауылшаруашылығы егістігімен айналысатын жер иелері, есептілікті мерзімінде тапсыруды естеріңізге саламыз!
Н.ОРАЗБАЕВ– Шардара аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік
инспекторы