Жуырда Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінде тұратын Оңайовтар шаңырағында үшемдер дүниеге келген болатын.
Өткен аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев Жаушықұм ауылдық округіндегі Оңайовтардың отбасына барып, құттықтап, үшемдердің ата-анасына арнайы сыйлықтары мен қаржылай сертификат табыстады.
Айта кетсек, Шардара ауданында 2024 жылдың 17 желтоқсан күні Серік Аянат Ғазизқызы, Серік Айқын Ғазизұлы, Серік Айдын Ғазизұлы деген үшемдер дүниеге келді. Үшемдердің анасы Төлеген Асылзада Әбдіғаппарқызы 2000 жылы 6 қарашада Жетісай қаласында туылған, әкесі Оңай Ғазиз Серікұлы 1995 жылы 29 қыркүйекте Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінде туылған. Бүгінгі күні Жаушықұм мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі.