Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан тұрғындарына Шардара аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Шералы Әділханұлы 2024 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бердешов Жұмасұлтан Оразбекұлы ашып, жүргізіп отырды.
Бөлім басшысының хабарламасынан алдын, полиция бөлімінде атқарылған жұмыстардың бірқатары жайлы бейнеролик көрсетілді. Атап айтқанда, аудан тыныштығын сақтауда біршама жұмыстар атқарылған. Нашақорлықтың алдын алу бойынша мектеп оқушыларына есірткінің адам өміріне қаншалықты зиян екендігі түсіндірілген, ауыл аймақтарда мал ұрлығының алдын алу бойынша кездесулер өткізілген, «Ішімдіксіз ауыл» бастамасы бойынша рейдтер жүргізілген, қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкерлерін еске алу шаралары өткізілген.
Бөлім басшысы Шералы Әділханұлы өткен жылы жасалған қылмыстардың саны 2023 жылмен салыстырғанда артқанын атап өтіп, оның себебі интернет алаяқтарының өрбуі мен 2024 жылғы 15 мау-сымдағы «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар-дың енгізілуіне» байланысты екендігін айтты. Өйткені бұрынғы әкімшілік іс болып қаралатын ұрып-соғу әрекеттері қылмыстық іс санатына өткен. Жалпы алғанда қылмыс түрлері азайған.
–Қылмыстардың ашылуы жайлы айтар болсам, кісі өлтіру, денсаулыққа аса ауыр зиян келтіру, мал ұрлығы, пәтер ұрлығы, қарақшылық, есірткі мен бұзақылық қылмыстарының ашылуы жүз пайызды құрап отыр. Жедел профилактикалық жұмыстар нәтижесінде өткен жылы зорлау жайты бойынша қылмыс орын алған жоқ. Алаяқтық бойынша қылмыстар 41-ден 53-ке жоғарылап отыр, – деген бөлім басшысы отбасылық зорлық-зомбылықтар, жол көлік оқиғалары бойынша мәліметтерді баяндады.
Сол сияқты, сөзінің соңында алда атқарылатын жұмыстарды да атап өтіп, қылмыстың алдын алу бойынша аудан әкімінің орынбасарына бірқатар ұсыныстарын айтып, көмек көрсетуін сұрап, биылғы жылды Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп қағидасын жүзеге асыру бойынша профилактикалық жыл. Полиция – заң мен тәртіптің сақшысы» деп жариялағанын атап өтті. Осыған орай аудандық полиция ұжымы өз мүмкіндіктерін сарқа пайдалана отырып, ел тыныштығын қорғауда қызмет ете беретіндігін айтты.
Жиын барысында Жұмасұлтан Оразбекұлы мен Шералы Әділханұлы көпшіліктің сұрақтары бойынша көшелердің қиылысына бейнекамера қою, қаңғыбас иттерді аулау, «Жайлы мектепке» қатынап оқитын оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, МАИ қызметкерлерінің қызметі бойынша жауап берді.
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов аудандағы барлық қоғамдық ұйымдарды бірлесіп жұмыс жасауға шақыра отырып, бірінші кезекте ата-ананың балаға бақылау жасауы керектігі, оның ішінде баланы темекіге жұмсап, көлік тізгініне заңсыз отыруына жол бермеу керектігін айтты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Оразбекұлы қорытындылап, айтылған ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар жасалатынын айтып, полиция қызметкерлерінің алдағы жұмыстарында жетістіктер тіледі.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ