ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Тұмау – жұқпалы ауру

Денсаулық
Тұмау – жұқпалы ауру, кейде тыныс жолдарын, жүйке жүйесін, қан тамырларын және жүректі зақымдауы мүмкін. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді.
Вирус науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық арқылы ауаға тарайды. Сонымен қатар, бұл вирус науқастың жеке заттары арқылы ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және тағы да басқа жеке зат-тары арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір облыс, өлке, бүкіл жер жүзі адамдары жаппай ауыруы мүмкін.
Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі – дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу қажет. Тұмау салқын кезде жиі, күн ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті.
Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Тұмаудың алдын алу
Індет кезіндегі алдын алу іс-шаралары:
Әрбір 2 сағат сайын мұрынның шырышты қабаттарын оксолин майымен майлап, медициналық маска тағып жүріңіз. Әрбір 2 сағат сайын ауыстыру қажет. Оқу бөлмелерін және кабинеттерді кем дегенде 2 рет желдетіп отыруыңыз қажет.
Пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш, және де С витаминіне бай (орам-жапырақ, қара қарақат, бүлдірген, лимон, апельсин, итмұрын, болгар бұршын пайдаланыңыз.
Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде қалып, дәрігер шақыртыңыз.
АРЫСТАНОВА Жанар
Шардара аудандық емханасының мейіргері
Made on
Tilda