Заманауи медицинаның ең бір өзекті мәселесі – вирусты гепатит, оның шешімінің барлық адамзат үшін маңызы зор. Барлық вирус түрлері организмде ең маңызды ағза – бауырды зақымдайды. Қазіргі уақытта созылмалы гепатиттің бауыр циррозы мен бауырдың қатерлі ісігіне ұласуы өте көп кездеседі. В гепатиті кезінде өткір түрінің 10%-ы созылмалыға айналса, ал гепатит С кезінде 85%-ы созылмалы түріне ұласады. 10-20%-ы созылмалы түрімен ауыратын науқастарда одан әрі бауыр циррозы мен алғашқы бауыр қатерлі ісігіне алып келеді.
Жұғу жолдары: Аурудың таралу, жұғу механизмінің әртүрлі болуына байланысты гепатит түрлері 2 топқа бөлінеді: энтеральды (ауыз қуысы арқылы) – А, Е гепатит түрлері және парентеральды (қан арқылы) жұғу - В; Д; С; G гепатит түрлері. Гепатит «А»: - тұрмыстық қатынас жолымен – жеке бас тазалығы сақталмағанда, лас қол, ыдыс, ойыншық, тұрмыстық заттар арқылы;
Гепатит А түрінің ерекшелігі көбінесе 14 жасқа дейінгі балалар (96,6%) ауырады. Дер кезінде дәрігерге қаралып, емделсе, толығынан айығады.
А вирусты гепатиттің балалар арасында жұқтыру қаупін кейбір зиянды әдеттер ұлғайта түседі, тамақты бөлісу, бір бөтелкеден су ішу, бір сағызды шайнау, кітапты парақтағанда саусақты шылау, қарындаш, қалам, тырнақты тістеп, ауызға салу.
Гепатит түрлерінің арнайы алдын алу шаралары: Гепатит түрлеріне қарсы вакцинамен егу гепатиттің тек 2 түрінде жүргізіледі: А және В түрінде.
Гепатиттің «А», «В» түріне егу шарасы ауданда толық жолға қойылған, вакцина жеткілікті. Бірақ өкінішке орай ақысыз егілетін осы инфекцияларға қарсы егуден бас тартып, өз балаларының басын бәйгеге тігіп отырған ата-аналар баршылық.
Басқа да алдын алу шаралары: дәретханадан соң тамақтанар алдында қолды сабындап жуу; тек қауіпсіздігі анық немесе қайнатылған су ішу; көкөніс пен жеміс-жидекті мұқият жуып, жеу; тек шомылуға болатын жерлерде суға түсу (шомылғанда суды жұтып қоймауды қадағалау); жеке бас тазалығына арналған заттарды тұтыну (орамал, мәуіт, бет орамал және т.б.); ыдысты, үй-жай, мектепті таза ұстау; мектеп ішін оқушылардың жуып-тазалауына тыйым салу; салауатты өмір салтын ұстану; сұлулық салоны мен шаштараздарда маникюр, педикюр, татуаж, татуировка жасатқанда әр тұтынушыға жеке құралды қолдану, санитариялық ережелерді қатаң қадағалау қажет.
ЖАМАНБАЙ Нұрбибі –
Шардара аудандық орталық аурухананың ауруханаішілік инфекция мейіргері