ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АРМРЕСТЛИНГТЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

Спорт
Жуырда ауданымызда қол күресінен жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Түркістан облысы гір спорты және армрестлинг федерациясының ашық біріншілігі өтті.
Аталған жарыста кіл мықтылар өзара күш сынасып, жеңімпаздар анықталды.
Атап айтар болсақ, жас жеткіншек ұлдар арасында 30 келі салмақта Е.Қорғанбек І орын, С.Нұржанұлы ІІ орын, С.Назар ІІІ орын, 35 келі салмақта И.Сайлау І орын, М.Қалдыбай ІІ орын, Н.Абдумутали ІІІ орын, 40 келі салмақта Ә.Абдумутали І орын, А.Рысбай ІІ орын, Ә.Әмірхан ІІІ орынды иеленді. 45 келі салмақта додаға түскен Е.Назар І орын, Ә.Еркінбек ІІ орын, Б.Оразхан ІІІ орын, 50 келі салмақта А.Ибрагим І орын, А.Құлахмет ІІ орын, Ә.Құрманбек ІІІ орын, 55 келі салмақта Е.Көшербай І орын, С.Аязхан ІІ орын, С.Ақылбай ІІІ орынды иеленді.
60 келі салмақта Ә. Нұғман І орын, З.Назар ІІ орын, Б.Сапархан ІІІ орынды иеленді. 60 келі салмақтан жоғары дәрежеде сынға түскен спортшылар А.Әшім І орын, М. Өсер ІІ орын, Б. Сәрсенбай ІІІ орынды иеленді.
Жас жеткіншек қыздар арасында 45 келі салмақта сынға түскен А.Зиядулла І орын, Ұ.Сәрсенбаева ІІ орын, Н.Сейдували ІІІ орынды иеленді. 55 келі салмақта Н.Рысбек І орын, А.Ақберген ІІ орын, Н.Жаңбырбек ІІІ орынды иеленді. 55 келі салмақ дәрежесінен жоғары салмақта сынға түскен С.Сәрсенбаева І орын, М.Әшімбаева ІІ орын, А.Пердиева ІІІ орынды иеленді.
Жасөсіпірім қыздар арасында 55 келі салмақ дәрежесінен жоғары салмақта сынға түскен Ы.Оразхан І орын, Ұ.Тазабек ІІ орын. А.Қалдыбай ІІІ орынды иеленді.
Жасөспірім ұлдар арасында 55 келі салмақта сынға түскен Ж.Маманияз І орын, Қ.Омар ІІ орын, Е.Мансұр ІІІ орынды иеленді. 60 келі салмақта Н.Алдан І орын, Ж.Дженбаев ІІ орын, Т.Хали ІІІ орынды иеленді. 60 келі салмақ дәрежесінде додаға түскен Б.Мелдебек І орын, Е.Серік ІІ орын, Р.Үсен ІІІ орынды иеленді.
Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді құттықтаймыз!
«Шартарап–Шарайна»- ақпарат
Made on
Tilda