13.11.2024 жылы "Ұзын-ата" жалпы білім беретін мектебінде тәрбие бағытындағы жұмыстардың мазмұнын толықтыру мақсатында "Кітапхана+театр" жобасы ұйымдастырылып, "Білімді ұрпақ - ел болашағы, саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты театрландырылған іс-шара өтті. Іс-шараны өткізудегі мақсат —ертегі арқылы баланың ұлттық дүниетанымын, эстетикалық талғамы мен қиялын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, театрландырылған қойылымдар арқылы оқырмандарды қазақ әдебиеттерін оқуға тарту, көркем және әдеби шығармашылықты дамыту болды. Іс-шараны ашып берген мектеп директоры А.Ж.Туреханова: "Бұл жобалық іс-шара, қуыршақ театры балалар мен ересектер ұжымын біріктіруге, жанашырлық сезімін, қамқорлықты сезінуге, талантты балалардың санын арттыруға ықпал етеді" дей келе балаларға сәттілік тіледі.
4 сынып оқушылары Жұмамұрат Естөре, Болат Кәусар, Жұмаділ Ақгүл "Мысық пен ит адамға қалай дос болды?" ертегісін қолғап қуыршақтармен қойылым қойып көрсетіп, кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп орындап шықты. Оқушылар әрбір кейіпкердің дауыс ырғағын келтіріп, сатылап рет-ретімен орындады. 2 сынып оқушысы Ақылбек Қасиет "Ертегілер" әнін айтып барша көрермендердің ықыласына бөленді. 6 сынып оқушысы Тасболат Берік Абай Құнанбаевтың «Аттың сыны» өлеңін өте жақсы мәнерлеп оқыды. 6 сынып оқушылары Б.Тасболат, Н. Аширбек, Р. Назармұрат, И. Хусаин, А.Құралбек, 5-сынып оқушылары Т.Үсен, А.Бақтыбай, С. Тәліпбек "Тапқыр ханша" ертегісі желісінде қойылған қолғап қуыршақ қойылымында қуыршақтардың қимыл-қозғалысы арқылы әр кейіпкердің көңіл-күйін көрсете отырып орындады. Жобалық іс-шараны іске асыру кезінде балалармен жұмыс істеу әдістерін, тәсілдерін және нысандарын әзірлеуге ДТЖЖО А.Уразова, Театр және өнер үйірмесінің жетекшісі М.Елубаева, Кітапхана меңгерушісі К.Байларбекова кітапханашы З.Адильбаева, бастауыш музыка пәні мұғалімі Р.Мырзабаева, ұйымдастырушы педогог Б.Тілеков, тәлімгер С.Құрақбай иллюстрациялық материалдарды жинап, қойылым бойынша жұмыс жасады. Кітапхана жанынан ашылған жоба ертегі арқылы баланың ұлттық дүниетанымын, эстетикалық талғамы мен қиялын дамытуда айтарлықтай үлес қосуды мақсат етеді. Оқырманмен байланыс орнатудың бір-ен-бір жолы ретінде құрылған театр бүгінде балалардың сүйікті мекеніне айналады деген сенімдеміз.
К.БАЙЛАРБЕКОВА —
"Ұзын-ата" жалпы білім беретін мектебінің кітапхана меңгерушісі