МӘМС жүйесі жайлы біле жүріңіз
Қазақстанда Мемлекеттік Әлеуметтік Медициналық сақтандыру жүйесінің ендіріліп, жүзеге асырыла бастағанына біршама уақыт өткенімен әлі де болса оны толық негізінде пайдалана алмай жүргендер баршылық. Олардың қатарында МӘМС жүйесіндегі жеңілдіктер, қалай тіркеліп, қанша төлем жасау керектігін білмейтіндер де бар. Газет редакциясына қоңырау шалып МӘМС-тегі мәртебені қалай жылдам тексеруге болатыны жайлы да сұрақтар түсіп жатады.
Осы және өзге де сұрақтар бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сейітханов Мұхитдин Әбуұлына хабарласып жауап беруін өтінген болатынбыз. Төменде сол сұрақ-жауапты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.
–Саламатсыз ба, Мұхитдин Әбуұлы!? МӘМС жүйесінде қандай санаттағы адамдарға жеңілдік белгіленген?
– Саламатсыз! Қазақстандағы МӘМС жүйесі әлеуметтік болғандықтан мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін жарналарды төлеуді жалғастыруда. 2025 жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды (мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9%, яғни мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылға дейінгі орташа айлық жалақы)
Жеңілдік санаттарына кіретіндер:
1) балалар;
2)жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4)бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5)жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7)бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
8)зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
9) қылмыстық атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
11) жұмыс істемейтін қандастар;
12)"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
13) мүгедектігі бар адамдар;
14)орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
15)мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
– 2025 жылы МӘМС үшін қанша төленеді?
– МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды. Дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлерге жарналарды есептеу үшін ең төменгі жалақы есепке алынады. Биыл ол бұрынғы деңгейде қалды, яғни 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.
Сонымен, 2025 жылы МӘМС үшін кім қанша төлейтінін еске салсақ:
* Жұмыс берушілердің аударымдары – қызметкердің табысынан 3%;
* Қызметкерлердің жарналары – табыстың 2%-ы;
* Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;
* Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – айына 5 950 теңге;
* Дербес төлеушілердің жарналары – айына 4 250 теңге.
Биыл тек біржолғы төлем мөлшері 21,5%-дан 23,8%-ға дейін өзгереді.
МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ және екінші деңгейлі банктердің кассалары, жылдам төлем терминалдары әрі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады. Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 бай-ланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты.
– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге бола ма?
– Қордың ЖСН енгізіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңізді білуге болатын жеке сервистері бар. Олардың қатарына келесілер жатады:
https://msqory.kz/ ресми сайты – парақшаның ортасындағы «Сақтандыру мәртебесін тексеріңіз» жолағы арқылы;
Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы – бас мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін тексеру» пәрмені арқылы;
Telegram-дағы @SaqtandyrýBot – негізгі мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін анықтау» пәрмені арқылы.
Сондай-ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры екінші деңгейдегі банктермен және медициналық ақпараттық жүйелерді жеткізушілермен тиісті келісімдер жасай отырып, сақтандыру мәртебесін тексеру және жарналарды төлеу үшін сервистерді кеңейту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік келесідей мобильді қосымшаларда қолжетімді:
Damumed
Halyk (Халық банкі)
BCC.KZ (ЦентрКредит банкі)
Kaspi.kz (Kaspi Bank)
Forte (Forte Bank)
Freedom SuperApp (Фридом Банк Қазақстан)
Bereke bank (Bereke Банк)
Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет сайтында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және аударымдардың және немесе жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі бар.
– Мұхидин Әбуұлы, уақытыңызды бөліп сұрақтарымызға жауап бергеніңіз үшін көп рахмет. Алдағы жұмыс-тарыңызда мол жетістіктер тілейміз.
Сұхбаттасқан:
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ