ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Картоп дақылын қорғау шаралары

Картоп дақылдарына көбінесе топырақты мекендейтін жәндіктер (сымқұрттар, жалған сымқұрттар, түн көбелектерінің жұлдызқұрттары) және сорғыш зиянды жәндіктер (қандалалар, бітелер, цикадалар) зиян келтіреді. Соңғылар картоптың вирус ауруларын таратушылар болып саналады. Картоп тұқымдықтарын осы зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін Селест Топ 312,5 к.с препаратымен дәрілеу қажет.
Картопты мейілінше зақымдайтын аса қауіпті зиянкес: Картоптың колорадо қоңызы. Шыққан жері – Солтүстік Америка. Түркістан облысы аумағында 1986 жылдан бері тарала бастады. Колорадо қоңызы картоптан басқа баялды, қызанақ, болгар бұрышы, қызыл бұрыш дақылдарына зиян келтіреді. Зиянкес өте өсімтал, жылына 3-4 ұрпақ беріп көбейеді. Қоңыздар мен дернәсілдері өте қомағай. Картоптың өнімін әдеттегіден 10 есеге дейін төмендетеді. Осы зиянкестерге қарсы Актеллик 500 к.э, Децис эксперт к.э улы препараттарын қолдануға болады.
Сондай-ақ картопқа әртүрлі өсімдік аурулары (фузариозды солу, кәдімгі қотыр, фитофтороз, қоңыр теңбілді дақ, түйін құрғақ шірігі, мозаика (вирустық ауру) айтарлықтай зиян келтіреді. Осы ауруларға қарсы Ревус Топ 500 с.к, Ридомил Голд мц 68 в.д.г улы препараттары.
Картоп егісіндегі суармалы жерде өсетін көпжылдық қосжарнақты арамшөптермен қатар біржылдық арамшөптердің түрлері кездесіп, өнімді төмендетуге айтарлықтай әсер етеді. Картоптың осы арамшөптеріне қарсы Дуал Голд 960 к.э, Фюзилад Форте 150 к.э улы препараттарын қолдануға болады.

М.МЫРЗАКАДЫР–
Шардара аудандық аумақтық
инспекциясы өсімдіктер карантині бас маман-инспекторы
Made on
Tilda