ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Сақ болыңыз: Диоксин!

Денсаулық
Диоксиндер адамзатқа таныс ең улы заттарға жатады. Адам ағзасындағы диоксиннің концентрациясы аз және адам ағзасының 1кг. майына бір граммның милиардтан бір бөлігі мөлшерімен есептеледі. Бұл норма-дан асқан кезде диоксиндер бірқатар аурулар туғызады: қатерлі ісіктердің пайда болуы, психикалық ауытқулар, диабет, белсіздік, иммунитеттің төмендеуі. Диоксинның түсі, дәмі, иісі де жоқ. Химиялық реакциялардың жанама өнімі ретінде пайда болады, мысалы бензин өндіргенде. Диоксиндер пайда-ланылған газ, темекі түтінінде болады, табиғатта орман өрттері немесе жанартаудың атылуы кезінде пайда болады. Диоксиндер өндірістік процестердің жанама өнімі болуы мүмкін - дәстүрлі тыңайтқыштарды (пести-цидтер, гербицидтер, т.с.с ) , целлюлоза, мұнай өнімдері, химиялық тауарлар өндіру және кейде тіпті суды хлор-лаған кезде пайда болады. Бақыланбайтын қоқысты жағу да атмосфераға диоксиндердің таралуының көзі. Диоксиндер және диоксин тәрізді заттектер мысалы орама пленка, пластик бөтелке және хлор молекулаларды бар бейорганикалық заттардан тұратын басқа қоқыстың қарқынды жануы кезінде пайда болады. Диоксиндердің қоршаған ортада ұзақ уақыт бойы сақталатыны және дүние жүзіне таралып, қорек-тену тізбегінде, негізінен жануарлар ағзасында жиналатыны мәселені ушықтырып отыр. Заттектің бір моле-куласы ағза жұмысын бұзатын реакциялар тізбегін тудыруы мүмкін. Диоксин - тұрақты органикалық лас-таушы, ол химиялық, биологиялық, фотолитикалық әсер еткенде ыдырамайды. Диоксин көбінесе топырақ, тағамдық өнімдерде көбірек, өсімдіктерде, су және ауада азырақ анықталады. Тамақ өнімдеріне диоксиндер әдетте малға арналған жем арқылы түседі.
Ал тамақ өнімдері арқылы адамдарға әсер етеді. Міне, осындай қоректік тізбек. Диоксиндердің 90 % жуығын біз ет, балық, теніз өнімдері, май және сүтпен бірге жейміз. Ауамен бірге 3,5 % , ал ауыз сумен ағзаға диоксиндердің өте аз мөлшері ғана өтеді. Қазақстанда 2010 жылы 28 мамырдағы № 299 Кедендік Одақ Комиссиясының шешімімен бекітілген санитариялық - эпидемиологиялық бақылаудан өткізілетін тауарларға бірыңғай санитарлық - эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар әрекет етеді, онда диоксиндер барлық тамақ өнімдерінде нормаланады деп көрсетілген. Диоксиндердің құрамда болуын өн-діруші (жеткізуші, импорттаушы) бақылау жүргізеді және (немесе) құзырлы органдар тек диоксиндердің пайда болуына және қоршаған ортаға таралуына әкелетін табиғи және техногенді апаттармен байланысты экологиялық жағдай нашарлаған кезде ғана және тамақ өнімінде болуы мүмкін деген негізделген күмән болған жағдайда ғана анықталады. Диоксиндерден абсолютті қорғаныш әлі жоқ. Бірақ бұл зат липофилдерге жатады, яғни майларда ериді, және осы ерекшілігін ескере отырып, алдын алуға болады. Бірінші кезекті өзіңіздің тамақтануыңызға назар аударыңыз. Майлы тағамдарды, әсіресе дүдәмал майы бар ет және балық өнімдерін пайдаланбаған жөн.
С.НАЗАРБЕКОВА - Шардара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.
Made on
Tilda