ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«Шетелде діни теологиялық білім алудың қаупі», - тақырыбында кездесу өтті

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округі «Қонар ата» мешітінің жамағатымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Шетелде діни теологиялық білім алудың қаупі», - тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Жаушықұм ауылдық округі «Қонар ата» мешітінің имамы Е.Сариев қатысты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Деструктивті ағымдар ежелден халқымыз ұстанып келген дәстүрлі ислам құндылықтарын теріске шығарып, салт-дәстүріміз бен әдет - ғұрыптарымызға кереғар пікірді қалыптастырады. Қазіргі таңда жастарымыздың жат ағамдардың арбауына түсіп қалмауы үшін жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру керектігін, әлеуметтік желілерде тыйым салынған уағыздардан сақтануын түсіндіре келе тұрғындарға ҚМДБ - ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, халқымыздың салт - дәстүрлері, әдет - ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды..

#ҮздікАТТ

#ҮздікАТТ2025

#Үздіктеолог

#30

#АТТісшара

#Шардара_ауданы_Түркістан_облысы.
Made on
Tilda