Жуырда Шардара мектеп-лицейінде өткен «Бастауыш білім әлеміне саяхат» атты он күндік аясында мектепалды даярлық тобымен «Сиқырлы әріптер» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың негізгі мақсаты – балалардың тілдік дағдыларын дамыту, әріптер туралы түсінік қалыптастыра отырып, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін жетілдіру болды.
Сабақ барысында «Жемістер» әдісін қолданып, оқушыларды әріптермен таныстырдым. Бұл әдіс балаларға жұптасып жұмыс істей отырып, әріптерді буынға бөліп, шапалақ арқылы дауыстап айтуға мүмкіндік берді. Мысалы, «Ал-ма», «А-нар», «Ас-қа-бақ» сөздерімен жұмыс істеу арқылы балалардың зейіні мен танымдық қабілеттері шыңдалды.
Сабақта сондай-ақ түрлі шығармашылық тапсырмалар жүргізілді. Мәселен, «Жемістерді бояу» және «Жемістерді жапсыру» сияқты жаттығулар балалардың көңіл-күйін көтеріп, сабақты қызықты ете түсті. Сондай-ақ «Сергіту сәті» кезеңін ұйымдастырып, ойындар арқылы балалардың көңілін сергітіп, жалпы сабақ барысын жандандыра алдық. Құштарлықпен жұмыс істеген оқушылардың барлығы да тапсырмаларды ынтамен орындап, сабақты табысты қорытындылады.
Бұл сабақ менің өзім үшін де құнды тәжірибе болды. Балалардың білімге деген ұмтылысы мені қуантты. Жаңа тәсілдер мен әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін одан әрі дамытуды басты міндетім деп санаймын. Алдағы уақытта да олардың білім сапасын арттыру мен өзіндік ойлау қабілетін жетілдіруге бар күшімді саламын.
Шығармашылық ізденіс пен білімге деген талпынысты жалғастыра отырып, шәкірттерімнің болашақта биік шыңдарды бағындыруына қолдау көрсету – мен үшін зор мәртебе.
АЙТБАЕВА Мейрамкүл Әбілдақызы —
Шардара мектеп-лицейінің мектеп алды даярлық мұғалімі