ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Шардарада Армспорт Күніне арналған ашық біріншілік өтті

Спорт
9 ақпан күні Шардарада "Шардара Армспорт" күніне орай жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында қол күресінен аудандық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Бұл айтулы жарысты "Шардара Армспорт" спорт клубының негізін қалаушысы, аудан әкімі Арман Қарсыбаев ашып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың ашылу салтанатында спорт клубының дамуына сүбелі үлес қосқан Ақбаева Жазира, Қалықұлова Меруерт және Құдайбергенова Феруза сынды қайсар да батыл нәзік жандылар Алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бұл додада ауданымыздың білекті де жүректі жас спортшылары өз шеберліктерін паш етіп, тартысты да қызықты бәсекелер өткізді. Жеңіске жету жолында жігер танытқан спортшылардың есімдерін мақтанышпен атап өтейік:
Жас жеткіншек ұлдар арасында:
30 келі: І орын – С.Назар, ІІ орын – Е.Қорғанбек, ІІІ орын – Е.Бекхан
35 келі: І орын – И.Сайлау, ІІ орын – Д.Алпыс, ІІІ орын – М.Қалдыбай
40 келі: І орын – Ө.Қалдыбай, ІІ орын – Әбдіхан Ә., ІІІ орын – Р.Әнуар
45 келі: І орын – Ә.Әбдімүталі, ІІ орын – Н.Сметулла, ІІІ орын – А.Рысбай
50 келі: І орын – Ж.Қожабек, ІІ орын – И.Батырбек, ІІІ орын – А.Құлахмет
55 келі: І орын – С.Аязхан, ІІ орын – М.Патилда, ІІІ орын – А.Жұмабай
60 келі: І орын – Ә.Нұғман, ІІ орын – С.Ақылбай, ІІІ орын – Р.Талдыбек
65 келі: І орын – З.Назар, ІІ орын – А.Әшім,
ІІІ орын – Б.Сәрсенбай
65 келіден жоғары: І орын – М.Өсеров,
ІІ орын – Е.Ораз, ІІІ орын – Б.Сапархан
Жасөспірім ұлдар арасында:
50 келі: І орын – Ы.Әлеухан, ІІ орын – А.Момын, ІІІ орын – Б.Қоңырбай
55 келі: І орын – Ж.Маманияз, ІІ орын – Н.Закир, ІІІ орын – М.Бекмұрат
60 келі: І орын – Н.Әбсаттар, ІІ орын – Б.Қожабек, ІІІ орын – Ж.Медетбеков
65 келі: І орын – Б.Мелдебек, ІІ орын – Б.Әбдраймов, ІІІ орын – Н.Бекхан
70 келі: І орын – Ж.Дженбаев, ІІ орын – Е.Анвар, ІІІ орын – Р.Бекетай
70 келіден жоғары: І орын – Ә.Ибрагим,
ІІ орын – М.Айтбаев, ІІІ орын – Р.Үсен
Жас жеткіншек қыздар арасында:
40 келі: І орын – А.Зиядулла, ІІ орын – Г.Шегебай, ІІІ орын – Д.Жарылқасын
50 келі: І орын – А.Ақберген, ІІ орын – Н.Исенбай, ІІІ орын – Қ.Закирова
55 келі: І орын – Н.Рысбек, ІІ орын – А.Рысхан, ІІІ орын – Ұ.Тағайбек
55 келіден жоғары: І орын – М.Әшімбаева,
ІІ орын – А.Пердеева, ІІІ орын – С.Сәрсенбаева
Жасөспірім қыздар арасында:
65 келі: І орын – Ұ.Елмұрат, ІІ орын – Ж.Жақсылық, ІІІ орын – Ұ.Оралбай
65 келіден жоғары: І орын – Ұ.Тазабек,
ІІ орын – Ы.Оразхан, ІІІ орын – А.Қалдыбай
Жарысқа қатысып, өз мықтылығын дәлелдеген жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы сайыстарда да толағай табыстар тілейміз!

«Шартарап–Шарайна–ақпарат"
Made on
Tilda