Наурызнама мерекесі аясында аталып өткен «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аудандық №16 колледж қабырғасында ерекше әсерлі шараға айналды. Осы күні кітапхана меңгерушісі Зейнедилова Лаззат Мырзабекқызының ұйымдастыруымен «Ақын – елдің ардағы» атты әдеби-сазды кездесу өтті. Жиын республикаға белгілі, қазақ поэзиясына өзіндік өрнек салған талантты ақын, бүкіл ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз, білім саласының ардагері Нұрғали Ибрайым Сәкүнұлымен жүздесуге арналды.
Кездесуге колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дүйсебаева Гүлшат, сондай-ақ колледждің ұлағатты ұстазы Жораев Маханбет және бір топ белсенді студенттер қатысты. Шараны кітапхана меңгерушісі Лаззат Мырзабекқызы жылы лебізбен ашып, мәнді де мағыналы түрде жүргізді.
Ақын Нұрғали Ибрайым 1955 жылы Шардара ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін ұзақ жылдар бойы Шардара аудандық білім бөлімінде кабинет меңгерушісі, ұстаз, мектеп директоры қызметтерін атқарды. Оның жырлары қалың оқырманға кеңінен танылған: қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Әбділдә Тәжібаев, Тұманбай Молдағалиев, Мұхтар Шаханов сынды сөз зергерлері қаламгердің шығармашылығына жоғары баға берген. Ақын бала күнінде қазақ әдебиетінің классигі Асқар Тоқмағанбетовтен батасын алған екен. Ол – «Періште пейіл» жыр жинағының авторы. Өлеңдері мен мақалалары республикалық басылымдарда жарияланып, оқырманның ыстық ықыласына бөленіп келеді.
Нұрғали Сәкүнұлының сан қырлы шығармашылығы мен қоғамдағы елеулі еңбегі лайықты марапаттарға ие болуда. 2022 жылы Қазақстан Республикасы «Аманат» партиясы саяси кеңесінің «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған ақын 2024 жылы Алматы қаласында өткен «Тұран тұлғасы» халықаралық жазба ақындар мүшәйрасында ұлы ағартушы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы жүлдені иеленді.
Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Студенттер Нұрғали Ибрайымның жүрекжарды жырларын тебірене оқып, әдебиет пен өнерге деген құштарлықтарын паш етті. «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының студенті Кенхан Бауыржан «Көктем» өлеңін мәнерлеп орындаса, «Бағдарламаны қамтамасыз ету» мамандығының студенті Сапарбек Роза «Әнші қызға» атты өлеңін көпшілікке ұсынды. Сол секілді осы мамандықтың студенті Құрманғали Гүлсезім «Әділетті бол, арлы бол» өлеңін оқып, «Автоэлектрик» мамандығының студенті Дүйсенбек Оралхан «Көктем шуақтары» өлеңімен тәнті етті. Ал «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенті Орынбаева Диана «Аналар мерекесі» атты өлеңін орындап, шараның шырайын аша түсті.
Кездесу барысында студенттер ақынға алғашқы өлеңінің қалай дүниеге келгені, ақындықтың мәні мен шабыт көздері, өлең жазу үдерісінің қыр-сыры туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ, ақынның жырлары арқылы қандай ойды жеткізгісі келетіні, "шабытсыз өлең жазуға бола ма?" деген сауалдар да қамтылды. Нұрғали Сәкүнұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, жастардың әдебиетке деген қызығушылығы мен шығармашылық ұмтылысын жоғары бағалады.
Кеш соңында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дүйсебаева Гүлшат ақынға алғыс білдіріп, иығына шапан жапты. Ақын ағамыз жастарға жүрекжарды тілегін арнап, былай деді:
– Өмірде ең бастысы – адалдық пен еңбек. Өнер мен білімді бойға сіңіріп, ұлттың рухани байлығын еселеу – әр жастың парызы. Жақсы сөз, жақсы ой, жақсы іс қашан да ізгілікке жетелейді. Жастық шақтарың мәнді де мағыналы болсын! Армандарың асқақ, болашақтарың жарқын болсын!-деді.
Осылайша әдеби-сазды кездесу жас буынға шабыт беріп, рухани азық сыйлады. Ақынның жырларынан қазақы рух пен өмірге деген сүйіспеншілік айқын сезіледі. Мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың бойына ұлт өнеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті ұялататыны сөзсіз. Өлеңсүйер қауымның қатарын арттыруға септесетін мұндай жүздесулердің маңызы қашан да зор.
Ұлттық руханиятымызға өлшеусіз үлес қосқан ақын ағаларымызды ұлықтау – әрбір саналы азаматтың парызы. Осы орайда, ақын ағаның мерейлі 70 жасына орай тағылымды шаралар ұйымдастырылып, өнер мен өлеңге, талант пен тағылымға құрмет көрсетілсе, қандай жарасымды!
Ақынның жүріп өткен жолы – өзі білім алған Абылай Әлімбетов, Шоқан Уәлиханов мектептерінде, алғашқы еңбек баспалдағы басталған Қызылқұм ауылында, кіндік қаны тамған Шардара топырағында жыр мен өнерге арналған кездесулер өтсе, бұл – кейінгі буынға үлкен өнеге болар еді.
Бұл кездесулер тек ақынға құрмет қана емес, жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке, поэзия мен өнерге деген сүйіспеншілігін оятар тағылымды сәт болары сөзсіз. Ақынның өмір жолы, қаламгерлік қыры, азаматтық болмысы туралы естеліктер айтылып, оның жырлары жүректерге жол тапса, руханиятымыз тағы бір қадам алға жылжитыны анық.
Осындай игі бастаманың жүзеге асуын құптай отырып, шығармашылық қауым, өлеңсүйер көпшілік, жалпы өнерге жаны жақын жандар ақын ағамызбен жүздесіп, тағылымды кештер өткізуге атсалысады деген сенімдеміз.
А.ҚАРАУЫЛ