Ежелден қонақжай халқымыз қонаққа арналған төрін «қасиетті орын» деп санаған. Қонағын құдайындай сыйлайтын халқымыз, қонаққа деп төсейтін көрпесіне дейін арнайы дайындаған. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб және неше түрлі қазақи нақыштағы ою-өрнектерден құрақ көрпеше құраған.
Қазіргі таңда халқымыздың құрақ құрау өнері заман талабына сай, түрленіп қайта қолданысқа еніп келеді. Оның айқын көрінісі ретінде жуырда өткен V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында қазақтың құрақ көрпесі әлемнің Гиннестің рекордтар кітабына енуі. Жалпы көлемі 11200 квадрат метрді құрайтын қазақтың қолөнер туындысын 450 шебер бір түсте, бір үлгіде тігіп, күллі әлем жұртының назарын аударды. Бұл шараға шардаралық Ибрагимова Оңласын Ахметқызы және Дауылбаева Ақмарал сынды шебер тігіншілер де қатысып, өз үлестерін қосты.
Он жылдың көлемінде қазақтың «құрақ көрпесін» шеберлікпен құрап, ұлттық нақышта сөмкелер, сүндет тойға аттың жабуын, одан қала берді қоржын, құрақ ойыншыққа дейін тігіп, көрсе көз қызығатындай керемет дүниелердің қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін дәлелдеп жүрген Оңласын Ахметқызы бүгінгі әңгімемізге арқау болғалы отыр.
Әдемілікті, сұлулықты бағалай білетін әрбір жан құрақтан жасалған бұйымдарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Бүгінгі кейіпкеріміз құрақ құраса жан рақатына бөленіп, рухани демалып, өз ісінен ләззат алатын жан.
Ауылды салт-дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған қазақы өңір дейміз. Ауыл адамдары ұлттық болмыс-бітімнен ажырамаған деп түсінеміз. Салт-дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған ауылда туып, қолөнерге жақын болып өскен Оңласын Ахметқызы Киров ауданының Багара поселкесінде дүниеге келген. Отбасылық жағдайға байланысты Қуанқұдық елдімекеніне көшіп келіп, 4 жылдық бастауыш мектептің табалдырығын аттайды. Сонан соң Шардара ауылында 8 жылдық интернатта білім алып, Ш.Уәлиханов атындағы мектепте 10 сыныпты аяқтайды. Ол бала кезінен-ақ тігіншілікке қызығады. Алғаш сіңлісіне шыт матадан көйлек тігіп, одан кейін ұсақ маталардың қиындыларынан құрақ құрап үйренеді. Қолы қалт етсе ою ойып, өрнектердің әдемілігіне тамсана білген. Әдемілікке құмар жан бір әулеттің келіні болғаннан кейін де күнделікті өмірге қажетті бұйымдарды өзі тігіп, тігіншіліктен алыстамайды. Күнделікті күйбең тіршіліктен босай қалса, көрпе құрап жан рахатына бөленетін.
– Қазақ ұғымында құрақ көрпешені құрағанда жақсы ниетте отырып құрау керек. Егер қыз жасауына құрақ көрпеше құрайтын болсам, алдын ала дәрет алып, жақсы ниетте «бірі екеу болсын, өссін, өнсін, жан басы мен мал басы құралсын» деп, жас отау иелеріне тілегімді айтып құраймын. Артымнан ерген барлық сіңлілерімнің жасауына құрақ көрпені өзім тігіп бердім. Құрақ құрау табыстың құралғанын, кірістің кіргенін «тілеп» тұратын көрінеді. Ерте кезде әжелеріміз құрақты тіл-көзден сақтайды, жамандықтан қорғайды деп айтатын,– дейді Оңласын апа.
Көз майын тауысып, әр тігісті әдемілеп бастыру да оңай шаруа емес. Құрақ көрпе құрау – асқан шеберлікті, ептілікпен қатар, төзімділікті қажет етеді. Жасы алпыстың алтауына келсе де, әлі күнге ине-жібін қолынан тастамаған Оңласын апа, «Аламан құрақ» жобасын әлеуметтік желіден көріп, қатысуға ниет білдірген. «Аламан құрақ» көрпесінің техникаларын, тігу әдістерін алған соң, үлкен жауапкершілікпен іске кіріседі. Арнайы қағаздағы кескінді келістіріп, матаға түсіру, түстерді үйлестіру де маңызды іс.
– Еліміздің астанасында Қазақ өнерін Әлем жұртшылығына паш етуге ат салысқаныма өте қуаныштымын. «Аламан құрақ» жобасының негізін қалаушы Нұргүл Абайхан және дизайнері Аселина Батырға айтар алғысым шексіз. Олар бізге жоба барысында қолдауларын білдіріп, шабыттандырып отырды. «Аламан құрақ» жобасы былтыр да болып, еліміздің әр өңірінен 200 құрақшыны жинап, 500 метрлік құрақ көрпені құрап, Гиннистің рекордтар кітабына енген болатын. Ал, мен биыл қатыстым және қатысқаныма өкінген жоқпын. Бұл жоба маған үлкен тәжірибе алаңы болды. Онда көптеген құрақшылармен танысып, туысымдай жандарға айналды. «Аламан құрақ» жобасына еліміздің әр өңірінен 8 жастан 85 жасқа дейінгі құрақшылар, оның ішінде 4 ер адам, жалпы саны 450 шебер қатысты. 450 көрпемізді жайып, үлкен кілем тәріздес құрақ көрсеттік. Көрпе қазаққа тән оюлармен құралды. Бұл көрпенің «Аламан құрақ» деп аталуы да тегін емес. «Аламан» деген сөздің өзі, үлкен бәйге дегенді білдірсе, «Аламан құрақ» құрақтың үлкен бәйгесі деп түсіндім өзім. Мұндай құрақ жобасы әлі еш жерде болмаған. Ал енді мән-мағынасына тоқтала кетсем. «Аламан құрақ» көрпесінің ортадағы үлкен оюы «төртқұлақ» деп аталады. Оны халқымыз «қошқар мүйіз» деп те атайды. «Төрт құбыламыз тең», «Төрт түлік аман болсын» дегенді білдіреді. Одан кейін «Гауһар тас» құрағы – құрақшылар «гауһардай» асыл болсын, еліміз бай-бақуатты болсын деген ниетпен жасадық. «Өсімдік оюы» – төртеу түгел болсын, бірлікте болайық дегенді білдіреді. Қазаққа ең бірінші керегі осы – төртеудің түгел болғаны емес пе? «Аламан құрағы» – ақ мол болсын, аспанымыз ашық болсын дегенді білдірсе, «сынық мүйіз» құрағы – екі түрлі мағына береді. Бірінші ұғымы балта – еліміздің шекарасы мықты болсын дегенді білдірсе, екінші ұғымы – білімді, саналы, салиқалы ұрпағымыз көп болсын дегенді білдіреді,– деген Оңласын апа, әр ою-өрнектің мән-мағынасына тоқталып өтті.
Халқымыздың дүниетанымын, эстетикалық сұлулығын көрсететін құрақ көрпе құрау өнерін қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, шыңдайды. Тазалыққа, әсемдікке үндейді. Көрпе құрағанда ең бастысы адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білсе болғаны.
Бүгінгі кейіпкеріміз де халқымыздың мұра етіп қалдырған ұлттық өнерін болашақ ұрпаққа насихаттағысы келеді. Ауданымызда «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сондағы замандастарымен бірге қолөнер түрлерін жасап, көпшілікке көрсетпек ниетте.
Он саусағынан өнері тамған Оңласын апа отбасында да өнегелі ұрпақ өсіріп отырған аяулы жан. Жан жары Сағымов Нұрлыбаймен отау құрып, 4 ұл мен 2 қызды дүниеге әкеліп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған Батыр ана, алты баласынан 24 немере сүйіп отырған бақытты әже. Үлкен ұлы Бауыржаны, жүргізуші Ғалымжаны – Шымкентте жүргізуші, Сабыржаны – Астанада аспаз, Сәкені – жүргізуші қызметінде, Ақмаржаны – бала күтімімен үйде, Ақшолпаны – мейрамханада меңгеруші қызметтерін жасайды.
Құрақ көрпе – үйдің сәні, құрақ құрау несібесі мол кәсіп, ұлттық өнер. Оған жас ұрпақтың қызығушылығы да жоғары. Қызығушылық бар жерде көрпе құрау сан қырлы идеялармен жаңара жетіліп, заманға сай жалғаса түседі деуге болады.
Қазақтың құрақ көрпесі арқылы әлемге қазақтың қонақжайлылығы мен кең пейілділігін көрсетіп, ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен ұлттық мұрасын дәріптеуге өз үлесін қосқан Оңласын апа барлық мақтауға лайықты жан. Оңласын апа құрақты келістіріп тігіп қана қоймай, ақындық өнерінен де кенде емес. «Аламан құрақ» жобасына қатысып, алған әсерін өлеңмен өрнектеген. Әңгімемізді Оңласын апаның әдемі өлеңімен қорытындылағанды жөн көріп отырмыз.
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ