ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Тамақтан уланудан сақтану жолдары

Денсаулық
Шардара аудандық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудандық кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе отырып қоғамдық тамақтану, сауда саласындағы жеке кәсіп-керлермен «Тамақ өнімдерін көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және «Тағамнан уланудың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді аудандық кәсіпкерлік бөлімнің басшы-сы Өмірбек Рүстем ашып, аудандық санитариялық-эпидемио-логиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Сәбира Назарбекова тақырыпқа байланысты баяндама жасады. Тамақтан, яғни астан улану тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жататындығын, уланудың негізгі белгілері, оны болдырмау үшін не істеу қажеттігі жайында нақты мысалдармен түсін-діріп өтті.
Дөңгелек үстелге қатысқан кәсіпкерлер баяндамашыға өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып тиісінше жауаптар алды.
Дөңгелек үстелді қорытындылаған Өмірбек Рүстем та-мақтан уланудың алдын алу шаралары күн тәртібінен бір сәт те түспеуі қажеттігі, уланудың салдарымен күрескеннен гөрі абай болып, сақтанған жөн екендігін атап өтті.
Р.АМАНЖОЛҚЫЗЫ

Made on
Tilda