ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Деструктивті діни ағымдардың алдын алу

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров қатысты.

Кездесудің мақсаты - діни радикализмнің алдын алу және жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейту. Өзекті мәселелерінің бірі - деструктивті идеологиялардың таралуы. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Дәстүрлі емес діни ағымдар немесе деструктивті діни топтар - қашан да болмасын ұлттық қауіпсіздікке, тіл мен дінге, мәдениет пен ұлттық құндылыққа және қоғам үшін өте қауіпті. Олардың ортақ сипаты - діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров қорытындылай келе, кездесуге қатысқан қызметкерлерге діни тұрғыда мол түсінік беріліп, ислам діні туралы және осы дінде терроризм мен экстремизм ұғымдарының жоқ екендігі, сонымен қатар, теріс діни ағымды ұстанушылардан аулақ болу қажеттігі айтылды. Кездесу соңында аталған тақырып төңірегінде бөлім қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Made on
Tilda