Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округі Шардара ауылы Ш.Уәлиханов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Шетелде діни теологиялық білім алудың қаупі», - тақырыбында кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер теолог маманы А.Данияров, мектептің директоры Ж.Сапаров, Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Алекбаров қатысты. Кездесудің жалпы мақсаты дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен зайырлылық мәселесін түсіндіру, деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, құндылықтарын насихаттау.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Интернет желісінде, әлеуметтік желілерде, жалпы діни ақпарат алуда сезімге бой бермей, ақпараттың көзінің дұрыстығына көз жеткізе білетін азаматтарды тәрбиелеу. Қазақ халқының менталитетін, мәдениеті мен дәстүрін білмегендіктері олардың тез радикалдануларына әсер етеді. Зайырлылық, экстремизм мен терроризм ұғымдары, олардың негізгі сипаттамалары, интернет арқылы және күмәнді шетелдік теологиялық оқу орындарында діни білім алудың қауіптілігі, әлеуметтік желілердегі деструктивті сипаттағы топтарға тіркелмеу, сондай - ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тыйым салынған экстремистік, террористік ұйымдар туралы ақпарат берді. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
#ҮздікАТТ
#ҮздікАТТ2025
#Үздіктеолог
#АТТісшара
#Шардара_ауданы_Түркістан_облысы.