Өрттердің пайда болу себептері алуан түрлі. Алайда олардың ішінде ерекше көңілге түсетіні – балалардың отпен тентектігі. Балалардың қолындағы сіріңке үлкен қауіпке әкелуі мүмкін. Өрттердің басым бөлігі өрт қаупі жоғары кезеңдерде, балалардың жазғы демалысы уақытында орын алады. Балалардың отпен ойнауына жол бермеу үшін: - Балаларды үлкен балалармен де үйде жалғыз қалдырмаңыз. - Сіріңке, шақпақ, пиротехникалық бұйымдарды (салюттер, петардалар, шартылдақтар) балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз. - Балаларды үйде де, далада да ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз. - Балаларға сарайларда, шатыр астында, пішен сарайларында, шаруашылық құрылыстарда ойнауға рұқсат бермеңіз. - Балаларға отпен ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отырыңыз. Өрт қауіпсіздігін сақтау – ортақ міндет! Балалардың отпен ойнауы тек материалдық шығындарға емес, сонымен қатар адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төндіреді. Ересектер балаларға отпен ойнаудың қауіптілігі туралы үнемі түсіндіріп, тұр-мыстық электр құралдарын дұрыс пайдалануға үйрету қажет. Сондай-ақ, балаларға үйде, мектепте, аулада қауіпсіз тәртіпті сақтау дағдыларын сіңіру маңызды. Құрметті ата-аналар мен жоғарғы сынып оқушылары! Егер отпен қауіпті ойын ойнап жатқан баланы көрсеңіз, немқұрайлы болмаңыз! Баланы қауіптен сақтаңыз, түсіндірме жұмыстарын жүргізіңіз. Бұл – әрбір саналы азаматтың борышы!
С.БЕКЖАН —Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлимінің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау лейтенанты