Бұралаңы мен бұлтарысы көп өмір жолында жұмырбасты пенденің алдында қандай қиын өткелдер мен белестер күтіп тұрғаны белгісіз. Өмір болған соң, бірі баламен, бірі ата-анамен, бірі денсаулықпен сыналып жатады. Осындай сын сағатта сынып кетпей, адамгершіліктен аттамай өз жолыңды табу – нағыз жетістік.
Смайлов Ерлан Шаншарханұлы туылғанынан тағдыр тәлкегіне ұшырап, 3 айлық нәресте шағында қызылшамен ауырып, аяқ-қолы дұрыс жұмыс жасамай қалады. Оның ата-анасы қаншама дәрігерлердің алдын тоздырғанымен, дертінен толық айыға алмайды.
Ол мүмкіндігі шектеулі ерекше жан болғанымен, ешқашан жігері мұқалмаған. Ел қатарлы жұмыс істеп, кейбір дені сау, екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға үлгі боларлықтай азамат. Орта мектепті аяқтағаннан кейін «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтына оқуға түсіп, бір жыл компьютер саласының қыр-сырын меңгереді.
– Компьютер енді келе бастаған жылдары оның тілін түсінетін адамдар да аз болатын. Мен компьютерге мектеп жасынан қызығатынмын. Сонда компьютерді жақсы білетін Арыстан деген кісі үйге келіп, компьютерімді көріп беретін. Осы маманның жұмысын қарап отырып, мұндай іс менің де қолымнан келеді деген ойға келдім. Осы кісіден компьютердің қыр-сырын үйрендім. Үйде отырып, ескі компьютерлерді алып, өзімше жөндейтінмін. Түрлі программалар енгізетінмін. Әлі де компьютер, ноутбук жөндеймін. Осы саламен айналысып жүргеніме 10 жылдай уақыт болыпты, – дейді Ерлан шебер.
Ерлан мүмкіндігі шектеулі ерекше жан болғанымен, еңбекке жаны құмар. Үлкен жетістікке жету – кішкентай әрекеттерден бастау алады. Сондықтан қолынан келген барлық мүмкіндікті қолданып, еңбек етіп келеді. Ол жуырда гипстен қабырғаға ілетін сағат, түрлі суреттер, тойбастарға түрлі бұйымдар, тиын жинайтын, қобдишалар жасап, сатуды қолға алды.
– Қазір дамыған заманда қол қусырып қарап отыруға болмайды. Өзін дамытамын деген адамға қызығушылығына қарай әртүрлі онлайн курстар бар. Мен бала кезімнен қолөнерге жақынмын. Сондықтан қолдан түрлі бұйымдар жасағанды ұнатамын. Жақында елімізде қатты дамып жатқан гипстен түрлі бұйымдар жасаудың онлайн курсын алып, оқыдым. Үйді әсемдеуге түрлі декоративті, сәнді бұйымдар, оның ішінде сағат, түрлі заттарды жасауды қолға алдым. Бұл отбасылық кәсібімізде маған келіншегім әрдайым қолдау білдіреді. Менің алдағы мақсатым – өзімнің қолымнан шыққан дүниелерімді сатылымға қойып, табысты болу – дейді Ерлан Шаншарханұлы.
«Әрекет түбі – берекет» деп бекер айтылмаса керек. Әрекет еткен адам ғана діттеген мақсатына жетеді. Қолымнан ештеңе келмейді деу, құр сылтау. Аз-аздан болса да, үздіксіз әрекет ету – түбінде бір жетістікке жеткізеді. Ерлан болашағына үлкен үмітпен қарайды. Жуырда ғана аудан әкімінің қабылдауында болып, өз тарапынан ұсыныс-тілектерін білдіріп, жеке кәсіппен айналысуға қолдау көрсетуін сұраған. Оның болашақтағы мақсаты әкімшілік тарапынан қолдау көрсетілсе егіншілікпен айналысып, алма бағын өсіру ниеті де бар. Тиісті мекемелер өтініші бойынша жұмыс жасап жатқан көрінеді. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз грантқа қатысып, бағын сынап көрмек. Көпшілікке қалай еңбек етудің үлгісін көрсетіп келе жатқан қайсар жанның арманы орындалар күндердің алыс еместігіне сенейік.
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ