ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Ауданда террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шара-ларына қатысты Түркістан облысынан ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері ауданға арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар-мәжіліс Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қуанышбайұлының төрағалығымен өтті.
Аталған іс-шарада елімізде тұрақтылық пен қауіп-сіздікті қамтамасыз ету үшін діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару, діни экстремизмді шектеу, лаңкестік шабуылдарға тосқауыл қою және радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу жайында бірқатар мәселелер талқыланды.
Жиын барысында жауапты мекеме басшыларына осал обьектілердің қорғалуына қатысты нақты тапсыр-малар беріліп, кемшіліктер орын алған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қолданылатыны жайында ес-кертілді.
Мамандар терроризмнен қорғану бойынша жан-жақты ақпараттар мен тәжірибелерді айтып, жоспар-ларды пысықтады.
Шардара ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі
Made on
Tilda