ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«Қазақ есебі» челленджі

Білім
Қазақ халқының бай рухани мұрасы мен мәдениеті ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл мұраның маңызды бөлігі — логикалық есептер, қазақтың тұрмыс-тіршілігінен туындаған ертегі есептер мен жұмбақтар. Қазақ есептерін шешу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ халқының өмір салты мен дүниетанымына терең бойлауға болады. Олар тек балаларды ғана емес, үлкендерді де ойландыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Осындай бағытта Сырбек Каттебеков атындағы жалпы білім беретін мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Қазақ есебі» челленджі ұйымдастырылды.
Оқушылардың креативті және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық есептер шешуге деген қызығушылықты арттыру, математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету, ұлттық мұраны сақтау және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Бұл шара «9 айға 9 іс-шара» тұжырымдамасына сәйкес 5-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Өзім және математика пәні мұғалімі Айгерім Барлыбаева челленджді ұйымдастыруда ерекше белсенділік таныттық.
Шара барысында еліміздің математика ғылымындағы көрнекті тұлғалар Асқар Жұмаділдаев, Мұхтарбай Өтелбаев және Уалбай Өмірбаевтың өмірбаяндары таныстырылды. Оқушылар қазақтың ертегілерге негізделген логикалық есептерін қызыға шешті.
Белсенді қатысқан оқушылар арасында Нарсұлтан Мейірхан, Ақберді Ертіс, Жолбарыс Жарылқасын, Базаралы Ақарыс, Сәрсенбаев Нұрбек, Джарбол Айнұр және Құрбанбай Бекзат қатысты. Барлық қатысушы топтар жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздары табысталып, 6 «в» сыныбының оқушысы Төрехан Бейбіт ерекше көзге түсіп, «Тапқыр оқушы» номинациясымен марапатталды.
Бұл челлендж оқушыларға қазақ халқының бай мәдениетін дәріптеумен қатар математикалық және логикалық ойлау қабілетін дамытуға тамаша мүмкіндік берді.
Оразгүл Жанқараева
Сырбек Каттебеков атындағы ЖББМ математика пәні бірлестігінің жетекшісі
Made on
Tilda