ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ЖРВИ және тұмаудың алдын алу

Денсаулық

ЖРВИ және тұмау – кез келген адамның өмірінде кездесетін ауру. Кейбір адамдар бұл аурудың қауіптілігін елемейді, "Құс" және "шошқа" тұмауынан үрейленгенде ЖРВИ мен тұмаудың әлдеқайда қауіпті сырқат екендігін ұмытып кетеді. Сондықтан, тақырыптың ауқымдылығына қарамастан, ең қажетті және өзекті ақпаратты ғана ұсына отырып, аталмыш ауруға бүкіл мақаланы арнауды шештім.

Тұмау дегеніміз не?
Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респира-торлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.
Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Оның ерекшелігі өзгергіш-тігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмау-дың үш түрі (А, В және С) кезектесуімен қатар, олар өз құрылымын өзгерте алады. Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорга-низмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады.
Тұмау ауа-тамшы жолдары арқылы жұғады. Нау-қас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ауаға тарайтын қақырық пен мұрыннан бөлінген шырыштан айналада ауру жұқтырылған "бұлт" пайда болады. Бұларды жұту – сау адамның ағзасына тұмау вирусының ену жолы.
Ауру жұқтырылған "бұлт" біртіндеп қоршаған заттарға қонады. Өкінішке орай, тұмау вирусы тұ-рақты және сыртқы ортада бірнеше сағат бойы өз бел-сенділігін сақтай алады. Вирус жұққан тұрмыстық заттардың қасынан өтіп бара жатып немесе оларды пайдалана отырып, біз еріксіз, адамның тыныс алу жүйесіне түсуі мүмкін зарарлы бөлшектерді ауаға қай-та көтереміз. Бұл тұмаудың ауа-шаң жолымен жұғуы-ның көрінісі.
Тұмаудың белгілері қандай?
Тұмаудың белгілері адамдардың көпшілігіне аян, дегенмен, осындай маңызды ақпаратты қайталау артық болмайды деп ойлаймыз.
1.Тұмау, мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы сияқты аурудың бастапқы белгілері.
2.Әлсіздік, сырқырап ауыру.
3.Аурудың алғашқы сағаттарында температура кө-теріледі. Тұмауға 40°С дейін және тіпті одан да жоғары температуралы қатты қызба тән.
4.Кейінірек өнімсіз, құрғақ жөтел пайда болады, ол бірте-бірте ылғалды, қақырық бөлінетін жөтелге айналады.
Тұмауды емдеудің жолдары
Тұмаудан емделіп жүрген науқасқа тыныштық талап етіледі – көбірек жату ұсынылады. Әдеттегі белсенділіктен (дағдылы еңбек қызметінен) бас тарту керек. Өйткені, ол аурудың асқынуына себепкер болуы мүмкін.
Тұмау кезінде негізгі емдеу жолы – симптомдық емдеу. Симптомдық емдеу кезінде тағайындалатын дәрі-дәрмектер:
- жасын ескере отырып қызуды басатын дәрі-дәрмектер тағайындалады;
- С дәрумені;
- көбірек су ішу;
- қақырық түсіретін, жөтелге қарсы дәрілер: мия, жалбызтікен препараттары, мукалтин, бронхолитин және т.б. дәрі-дәрмектер;
-мұрын тамшылары тағайындалады. Олар мұрын-ның шырышты қабығының ісінуін жояды, тыныс алуды жеңілдетеді, гаймориттің дамуына жол бер-мейді.
Тұмаудың алдын алу
Тұмаудың алдын алу пайда болған ауруды емдеуге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Тұмаудың алдын алуға бағытталған шараларды жыл бойы сақтаған жөн: дұрыс тамақтану, шынығу иммунитетті арттырып, тұмауға қарсы тұрудың оңтайлы амалдары.
Вакциналау – тұмаудың алдын алудың негізгі медициналық әдісі. Вакцинаны індет басталғанға дейін 1 - 3 ай бұрын егеді.
Мақта-дәке таңғышын тағып жүру вирустың тыныс алу жолдарына түсуіне кедергі тудырады.
Полидәрумендер мен С дәруменін қабылдау керек.
Ауыз қуысындағы микроорганизмдердің санын азайту үшін сарымсақты күнделікті пайдалану қажет.
Мұрынды шаю – әсіресе жұмыстан, мектептен, қоғамдық көліктерден шыққаннан кейін мұрынды жуып-шаю өте маңызды.
Індет кезінде адамдар көп шоғырланатын жерлерден аулақ болу.
Үйді үнемі ылғалды тазалап отыру қажет.
Мұрын қуысына ұдайы оксолин майын жағып отыру керек, әсіресе халық көп жиналатын орындарға барар алдында.
Тұмау індетінің басталуымен интерферон және интерферонның индукторлары, кейбір вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады.
Тұмау – ауыр және қауіпті дерт. Алайда, салауатты өмір салтын сақтау – тұмаудың алдын алуға көмектеседі. Дендеріңіз сау болсын!

ЕСИРКЕП Азиза Абилкасымқызы Шардара аудандық емханасының аймақтық мейіргері
Made on
Tilda