«КазСуШар» КМК-ның басшысы Абай Муталиев, Шардара су электр станциясының бас инженері Сырым Мамбетов және «Казкрахмал» ЖШС-нің жауапты өкілі Руслан Қияшбаев қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – зауыттың инфрақұрылымдық мәселелерін талқылау және оларды шешудің нақты жолдарын қарастыру болды. Атап айтқанда, зауытты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, электр желісіне қосу, жол салу және кәріз жүйесіне қосу мәселелері жан-жақты қаралды. Кездесу барысында аудан прокуроры Алмас Әлі: – Кәсіпкерлік нысандардың тиімді жұмыс істеуі – аудан экономикасының және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты тіректерінің бірі. Сондықтан біз «Казкрахмал» секілді өндіріс орындарының мәселелерін назардан тыс қалдырмай, олардың уақтылы шешілуіне ықпал етуіміз қажет. Бұл бағытта тиісті мекемелер өзара бірлесіп, нақты іс-шараларды қолға алуы тиіс, - деді. Жиын қорытындысында тараптар барлық туындаған мәселелерді бірлесе отырып, кезең-кезеңімен шешу қажеттігін атап өтті. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі мен өндірісті толық қуатта жүргізуі үшін қажетті жағдайларды жасау – ортақ міндет екені айтылды. Аяжан ТӘЖІ