Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Алайда суда шомылу қауіпсіздігін қатаң сақтамасаң су сенің дұшпаныңа айналады. Оған дәлел ауданымызда орын алған жағдайларды қарасақ, жылда адамдардың суға кету фактілері тіркелуде.
«Су сенің досың немесе дұшпаның».
Елімізде кішкентай балалар ғана емес, сонымен қоса ересек үлкен ағаларымыз да суға кетіп, өмірден қош айтысып жатыр. «Су мен от тілсіз жау». Балалардың суға кету себебі үлкендердің қарауынсыз қалу себебінен, ересектердің суға кетуінің басым көп-шілігі мас күйінде суға шомылуынан немесе қауіп-сіздік шараларын сақтамау салдарынан орын алуда. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.
Шардара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен № 4 ӨСБ жеке құрам қызметкерлері бірлесе отырып жылда аудан көлемінде орналасқан көпір-лер асты, каналдарда шомылып жатқан кішкентай балалармен ересектерге «судағы қауіпсіздікті сақ-таңыздар» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылады. Сыныптық ата-аналар жиналыстарында ескертіліп жатқанымен оқыс қайғылы жағдайлар тіркелуде. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларды қараусыз қалдырмай шомылуға өздерін жібермей жауапкершілікпен қарап қадағалап ата аналары балаларын жүзуге үйрету қажет. Көктемгі су тас-қындарынан кейін өзен арналарында шүңеттер пайда болады, түбі көрінбейтін ағаштары бар ағысы қатты жерлерге шомылу қауіпті екенін балаларың-ызға түсіндіріп санасына құйып отыру қажет.
А.САТБАЕВ– Шардара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі