Биыл көрнекті ғалым, ұлт мақтанышы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 126 жыл толды. Оның есімі тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік ғылым сахнасында да үлкен беделге ие. Қаныш Сәтбаев – қазақ жерінің қойнауындағы байлықты ашып, оны ел игілігіне айналдырған дара тұлға, ұлтын шексіз сүйген ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері.
1899 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген Қаныш Сәтбаев алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында білім алды. Арман қуып, Томск технология институтының таукен факультетіне түсіп, геология саласының маманы атанды. Осылайша, болашақ ғалымның ғылым жолындағы даңғыл жолы басталды.
Семейдегі мұғалімдер семинариясында ол Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов сияқты қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдерімен бірге оқыды. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлымен жақын байланыста болып, оның шығармашылығына ерекше құрмет көрсетті. Бұл байланыстар оның ұлттық рух пен тарихи сана тұрғысынан да қалыптасуына зор ықпал етті.
Қаныш Сәтбаевтың ғылымға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ол Қазақстандағы металлогения ғылымының негізін қалап, қазақ геологтарының ғылыми мектебін қалыптастырды. Оның жетекшілігімен бұрын аса маңызды кен орны ретінде қарастырылмаған Жезқазған әлемдегі ең ірі мыс кеніші ретінде танылды.
1926-1929 жылдары ғалым Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Қарағанды сияқты өңірлерде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Орталық Қазақстанның минералдық ресурстарға бай екенін дәлелдеді. Оның басшылығымен жасалған Сарыарқаның металлогендік картасы Қазақстандағы кен орындарын анықтауда үлкен рөл атқарды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында елімізде марганец тапшылығы сезілгенде, Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен қысқа мерзімде Жезді марганец кеніші ашылып, майдан қажеттілігіне пайдаланылды. Бұл ғалымның тек зерттеуші ғана емес, мемлекет мүддесі үшін күрескен азамат екенін дәлелдейді.
Қаныш Сәтбаевтың еңбегі тек геологиямен шектелген жоқ. Ол қазақ халқының мәдени мұраларын жинақтап, зерттеумен де айналысты. Шоқан Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырын қазақ оқырмандары үшін қайта дайындап, араб және татар сөздерінен арылтып, қазақ тіліне бейімдеді.
Сонымен қатар, Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық деректер жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазды. Қазақ орта мектебіне арналған «Алгебра» оқулығын дайындап, отандық білім жүйесінің дамуына өз үлесін қосты.
Академик музыка саласынан да құр алақан емес еді. 1931 жылы белгілі этнограф А.В.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Қаныш Сәтбаев өзі орындаған 25 халық әнін қосып, олардың ғылыми сипаттамасын жазды.
Қаныш Сәтбаевтың есімі Қазақстанның көптеген қалаларында, көшелерінде, мектептерінде мәңгілікке сақталған. Оның құрметіне Алматыдағы Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институты, Қазақ ұлттық техникалық университеті, Сәтбаев қаласы, Жоңғар (Жетісу) Алатауындағы мұздық пен шың аталды. Сонымен қатар, сирек кездесетін «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі де оның атымен байланысты.
Ұлыбританияға сапарында Уинстон Черчилльдің: «Барлық қазақтар сіз сияқты еңселі, батыр тұлғалы ма?» деген сұрағына Қаныш Сәтбаев: «Жоқ, Черчилль мырза, мен – қазақтардың ішіндегі ең кішісі. Менің халқым менен де биік» деп жауап берген екен. Бұл сөз оның тек ғылымда ғана емес, рухани биіктікте де дара тұлға екенін көрсетеді.
Қаныш Сәтбаев – ұлты үшін өлшеусіз еңбек еткен, қазақ ғылымының дамуына зор үлес қосқан кемеңгер тұлға. Оның еңбектері мен мұрасы ғасырлар бойы халқымызға қызмет ете бермек. Ғалымның есімі, өнегесі, халқына сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
Ұлт мақтанышы, қазақ ғылымының шамшырағы болған Қаныш Сәтбаевтың жарқын бейнесі әрдайым ел жадында сақталады!
АЛЖАНОВА Нургул Сарсенбайқызы – Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі