ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АУДАРЫСПАҚТАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Елімізде енді қарқын алып дамып келе жатқан ұлттық спорт түрі – аударыспақ. Үлкен ептілікті, күштілікті, батылдықты талап ететін спорттың бұл түрінде – екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады.
Өткен аптада Алматы облысы, Талғар ауданында аударыспақтан 2004-2006 жылғы жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген дүбірлі додада шардаралық спортшылар да белсене қатысып, бақ сынады.
«Шардара аудандық ұлттық спорт және өнер клубының» спортшысы Қадырбек Ұланбек 52 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей І орынды иеленіп, алтыннан алқа тақты. 95 келі салмақта додоға түскен Жүніс Әділ ІІ орынды еншіледі.
Жүлделі болған спортшыларымызды және жаттықтырушысы Жүсіп Дархан Есімханұлын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы додаларда сәттілік тілейміз!
А.ТӘЖІ
Made on
Tilda