ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ЖАҒАЖАЙ ТАЗАЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімінің кеңесшісі Батырбек Қалдарбектің басшылығымен рейдтік топ «Таза Қазақстан» экологиялық ак-циясы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында Шардара теңізі жағалауындағы демалыс орындарын аралап шықты. Қала әкімшілігі, орман шаруашылығы, жергілікті полиция қызметі мен «Қазсушар» мекемесінің мамандары өз салалары бойынша орын алған келеңсіз жағдайларды жою бойынша демалуға келушілерге қызмет көрсетушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескертулер жасады. Тазалықтың маң-ыздылығын, сонымен қатар суға шомылу қағидаларын сақтау шараларына баса назар аудару керектігін айтты.
–Күннің ыстықтығына байланысты жағажайда демалушылардың саны әлі азайған жоқ. Біздер күн сайын рейдтік топпен аралап, тазалықпен қатар келеңсіз жағдайлардың алдын алу шараларын да жүргізудеміз. Әсіресе балаларды суға түсіргенде оларға ауа толтырылған күртеше кигізу, су тереңдігін көрсететін белгі-лерден ары қарай өткізбеу, бақылаусыз қалдырмау жайлы да түсіндіріп жатырмыз, – дейді аудан әкімінің кеңесшісі Батырбек Тұрғанбекұлы.
Мұндай рейдтік шаралар алдағы кезде де жиі өткізіліп тұрады.

Ж.ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda