ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Діни ағымдардың алдын алу

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қамқорлық отбасын қолдау орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен «Діни ағымдардың алдын алу», «Ұлтаралық татулық және дінаралық тұрақтылық» - тақырыбында кездесуге аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қамқорлық отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры И.Әділхан қатысты.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов: Биыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бірлік, татулық және ынтымақ - елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құндылығы. ҚХА-ның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлықэтностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтай отырып, елдегі бірлік пен келісімді қамтамасыз ету. Ассамблея азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, этносаралық қарым - қатынасты дамытуға, сондай - ақ мемлекет пен қоғамарасындағы диалогты нығайтуға бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 18 конфессия және 3800 - ден аса діни бірлестік өзара татулықта өз қызметтерін атқарып келеді. Əлемдегі кез - келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі - ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады деп сөзін қорытындылады.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров:

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт - дәстүрін, тілін, білімін меңгерген, мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Діни ағымдар азаматтарымызды адастырып, қоғамдық тұтастыққа қауіп төндіруде. Қазіргі қоғамда дінге бет бұрған жастар көп. Солардың кейбірі ислам дінін әртүрлі уағыздап жүрген экстремистік ұйымдардың ықпалына түсіп қалып жатады. Діни сауаттылық болмағандықтан буыны беки қоймаған бозбалалар мен бойжеткендер арам пиғыл жандардың сөзіне ұйып, артынан ереді. Теріс ағымдағы ұйымдардың басты құралы – халықтың сеніміне кіру. Көп жағдайда олар жастарға «сенімді дос» болуға тырысады деп сөзін қорытындылады.

#ҮздікАТТ

#ҮздікАТТ2025

#Үздіктеолог
Made on
Tilda