Өткен демалыста бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жұ-мысшы мамандықтар жылын» қолдау және Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойы аясында аудандық «Қыс-2025» марафоны өтті.
Марафонға аудан әкімі Қарсыбаев Арман қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын және де Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай, өткізіліп отырған Шардара аудандық «Қыс-2025» марафонының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгін біз елімізге, соның ішінде ауданымыздың маңызды және айтулы оқиғасы аясында ұйымдастырылған марафонда жолығып тұрмыз. Бұл спорттық мереке ғана емес, ерік-жігердің, батылдықтың мерекесі. Шардара ауданында осындай ауқымды іс-шараның өтіп жатқанына қуаныштымын. Марафон арқылы бұқаралық спорт, салауатты өмір салты насихатталады. Мұндай шаралар елімізде бұқаралық спорттың дамуына зор септігін тигізеді деп сенемін, – деді аудан әкімі.
Марафон ережесімен бас төреші Сүгіров Жарқынбек таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ереже бойынша марафон қатысушылары Абай көшесінен шығып Төлеби көшесі, «Алты алаш» алаңы арқылы Әшіров көшесімен Орталық стадионды жүгіріп өтуі тиіс. Марафонға 200-ге жуық адам қатысып, 3 шақырымды құрайтын қашықтықты жүгіріп өтті.
Жарыс нәтижесі бойынша үздіктер анықталып, ерлер арасында I орын Адырбай Сәкенге бұйырса, II орынды Заби Ерасыл, III орынға Рысбай Ғаби ие болды. Ал нәзік жандылар арасында I орын Тазетдинова Элеанораға бұйырса, II орынды Кенжебекқызы Лаура иемденді, ал Ерман Ақниет III орынды місе тұтты.
Аудан әкімі мәреге алғашқы болып келген марафоншыларды арнайы Алғыс хатпен марапаттап, медаль мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар, аудан басшысы барша марафонға қатысушыларға алғыс білдіріп, әрқашан спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.
А.СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ