ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Аудандық ардагерлер үйінде еңбек ардагерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында кездесу өтті

Дін
Ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық ардагерлер үйінде еңбек ардагерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», - тақырыбында кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық - түсіндіру тобының жетекшісі Б. Төребеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Нурахов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров қатысты.

Шардара аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б. Төребеков: Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев азаматтық қоғам институтының дамуына аса қатты көңіл бөліп, жастардың бос уақытында есірткімен, нашақорлықпен, тіпті болмағанда теріс ағындарға өтіп кетпеуінде өңір-өңірдегі дін басқармалары көп жұмыс жасау керектігіне басымдық беру керектігін айтқан болатын. Қазақ халқының менталитетін, мәдениеті мен дәстүрін білмегендіктері олардың тез радикалдануларына әсер етеді. Қазақ жастарының бірінші міндеті - Қазақстан республикасын мәңгі сақтау және қорғау болып табылады. Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет деп сөзін қорытындылады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков: Қазақстанның зайырлылық қағидасына сай дін таңдау - әр адамның өз еркінде. Осы еркіндікті дұрыс түсінбейтін жастардың теріс ағымдардың ықпалына түсіп жатқанын айтпай кетуге болмайды. Діни білімі таяз жастар діннің не екенін, оның мақсатының қандай екенін жете түсінбегендіктен де осындай қателіктерге ұрынуда. Әлі оң мен солын танымаған, жақсылық мен жамандықты ажырата алмайтын жастарды теріс ағым өкілдері арам пиғылдарына пайдалануда. Мемлекеттің келешегі жастарға байланысты, сондықтан бұл құбылыс мемлекетке қауіп төндіретінін айтты.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсеткісі келетінін айтып өтті.

Іс-шараның мақсаты өңірдегі тұрғында арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы халқымыздың діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады. Кездесу барысында теріс діни ағымдардың белгілері, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстауға, және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселелер де кеңінен қозғалды.
Made on
Tilda