1 Мамыр – Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелі күндердің бірі – Қазақстан Халықтары-ның бірлігі күні. Бұл – елімізде тұрып жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, ынтымақтастықты және рухани келісімді паш ететін мереке.
Елімізде бүгінде 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп, ел дамуына үлес қосып келеді. Әр халықтың салт-дәстүрі, мәдениеті мен тілі еліміздің бірлігін одан әрі бекемдей түсті. Осындай достықтың нақты көрінісін қарапайым ғана отбасылардың өмірінен байқауға болады. Соның бірі – қаламыздағы Абсадыковтар отбасы.
Татулық пен сыйластықтың үлгісі болған. Абсадыков Есенбай Әлайдарұлы мен ұлты орыс Филипенко Тамара Иннокентьевна 1982 жылы өмірлерін бір арнаға тоғыстырып, тату-тәтті отбасын құрған. Еңбек майталманы Есенбай Әлайдарұлы өз ғұмырын адал еңбекпен өткізген азамат. Ол №1 автобазада шофер болып ұзақ жылдар жұмыс істеп, табанды еңбегінің арқасында зейнеткерлікке шыққан.
Тамара ханымның ата-бабалары Ресейдің Томск қаласынан 1960 жылы қазақ жеріне қоныс аударып, Шардара қаласына тұрақтайды. Қазақ халқынан жылулық пен қолдау көрген олар, өзге елден отбасыларын көшіріп әкеліп, жаңа өмір бастайды.
Сол кезде небәрі 4-5 жастағы Тамара Шардарада өсіп, қазақы тәрбиемен сусындап, мектеп бітіріп, №8 балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып еңбек етеді. Қазақ халқына деген ризашылығын ісімен дәлелдеп, қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, ұрпақ өрбіткен аяулы анаға айналды.
Тамара Иннокентьевна бала тәрбиесіне және қоғам жұмысына ерте араласқан жан. Үш баланың ата-анасы атанғаннан кейін де Тамара ханым еңбек жолын жалғастырып, Санитариялық-эпидемиологиялық ба-қылау басқармасында қазынашы болып қызмет етеді. Кейін Халық банкте еден жуушы болып жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Бүгінде бұл отбасының балалары да ата-анасының еңбек жолын жалғастырып, өз салаларында табысты еңбек етіп жүр. Үлкен қыздары Виктория №16 колледжде еден жуушы болып жұмыс істесе, ұлы Марат Ақтау қаласында мұнай базасында кран техникасын басқарып, еңбек етуде. Ал кіші қыз-дары болашақ педагог мамандығын меңгеріп, алдағы уақытта жас ұрпақты тәрбиелеу жолында еңбек етуді мақсат тұтып отыр.
Абыройлы еңбек еткен әулеттің бүгіні де, болашағы да нұрлы. Бірлік пен татулықты ту еткен отбасының өнегелі өмірі көпке үлгі.
Бұл отбасы ең бастысы – адамгершілік пен сыйластық екенін дәлелдеп отырған өнегелі жанұя. Олар үшін нағыз байлық – ел ішіндегі бейбіт өмір мен ұрпақ тәрбиесі. Бүгінде Абсадыковтар әулеті – түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен ынтымағының жарқын көрінісі. Олардың тату-тәтті өмірі өзгелерге үлгі болып ке-леді.
Халықтар достығы мен бірлігі – тәуелсіз еліміздің басты тірегі. Ұлтаралық келісім мен достықты дәріптеу – әрбір қазақстандықтың борышы. Ел ішіндегі тыныштық пен татулық – баға жетпес байлығымыз.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ