Құрметті, ақ халатты абзал жандар!
Қадірлі аудандық орталық аурухана ұжымының аяулы қыз-келіншектері!
Сіздерді көктеммен бірге келген жылдың ең жарқын және тамаша мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен аудандық аурухана әкімшілігі мен орталық аурухананың кәсіподақ ұйымының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер әрқашан шипалы алақандарыңызбен, жылы сөздеріңізбен, денсаулық сақшысы ретінде жинаған тәжірибелеріңізбен аудан халқына мінсіз қызмет етіп, көпшіліктің құрметіне бөленіп келесіздер. Түн ұйқыларыңызды бөліп, адам жанының арашашысы ретінде дертпен күресіп, алдарыңызға келген әрбір науқасқа денсаулық сыйлап, қуанышқа бөлейсіздер.
Тұрғындардың сырқатын жедел және нақты анықтауға, соған сай дәрігерлік көмек көрсетуге барлық мүмкіндіктеріңізді жасап келесіздер. Сондықтан да баршаңыз да қандай құрметке болса да лайықтысыздар.
Аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымы өздеріңізбен бірге көптеген мерекелік шараларды бірге өткізіп келеді. Жаңа жыл, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мерекесі, 7-9 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысының аяқталған – Жеңіс күні мерекесінде, медицина қызметкерлерінің төл мерекесі күндерінде ауқымды шаралар өткізуде. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Қамқорлық» шарасы өткізіліп, көпбалалы, отбасында мүмкіндігі шектеулі жандары бар және бірқатар әлеуметтік көмекті қажет ететін медицина қызметкерлеріне 150 азық-түлік себеттерінің тарқатылуы да кәсіподақ ұйымы жұмыстарының бір бөлігі.
Құрметті әріптестер, арулар!
Көктемнің бастауы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғалардың бастамасы болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, табиғаттың әсемдігі Сіздерге шабыт берсін. Арайлап атқан әрбір таң сіздерге тек қуаныш әкелсін. Келген сұлулық пен әсемдік мерекесі әр күндеріңізді күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толтырсын!
Халықтың денсаулығын күшейтуге, әрбір сырқатқа шипа сыйлап, дертінен арылуына атсалысып келе жатқан баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызда бақ-береке тілеймін!
Ізгі тілекпен – ТАЖИБЕКЕЕВА Анар Садуахасовна –
Шардара аудандық орталық ауруханасы кәсіподақ ұйымының төрайымы