Шардара аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы жаз маусымы басталатындығына байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында, тұрғындардың жіті ішек жұқпасының алдын алу мақсатында келесі алдын алу шараларын сақтауға шақырады.
Жіті ішек жұқпасы (ЖІЖ) – бұл асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын, әр түрлі патогенді микроорганизмдерден туындайтын жұқпалы аурулар тобы.
Аурудың белгілері: іштің ауруы, құсу, жүрек айнуы, қалтырау, әлсіздік, тамаққа тәбетінің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, бірнеше рет іштің өтуі, диарея. Сырқат әсіресе балаларда ауыр түрде өтеді. Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, өз бетінше емделмеңіз!
Ішек жұқпасының алдын алу үшін келесі шараларды орындау қажет:
- дәретханаға барғаннан кейін тамақ дайындау және тамақтану алдында қолды сабынмен үнемі жуу;
- көкөністер мен жемістерді салқын ағынды судың астында мұқият жуып, тамақтанар алдында оларды қайнаған суға салып алу керек;
- бүлінген жидектерді, жемістерді, көкөністерді қарбыз бен қауынды кесілген түрінде сатып алмау;
- үйде тамақ дайындау кезінде шикі (ет, тауық) және термиялық өңдеусіз тұтынылатын дайын өнімнің бірге болуына жол бермеу, жеке бөлшектеу тақтайлары мен пышақтарды пайдалану; тез бұзылатын өнімдерді (әсіресе майонез немесе қаймақ қосылған көп компонентті салаттар) дайындамау;
- ауызсуды тұтыну үшін, сапасы кепілдендірілген кран суын пайдаланыңыз, егер сумен жабдықтау көзі күмәнді болса, суды қайнату керек немесе бөтелкедегі суды ішу керек, «кездейсоқ» су көздерінен суды ішпеңіз;
- бассейнде шомылу кезінде судың жұтылуына жол бермеу;
- күн сайын үй-жайларды ылғалды жинау және желдетуді жүргізу;
- тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған ыдыстарды үнемі босатып, жуу қажет;
- ешқандай жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз және ішек инфекциясының белгілері пайда болған кезде (жүрек айну, құсу, нәжіс, бас ауруы) дереу дәрігерге қаралыңыз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Осы қарапайым ережелерді сақтау, Сізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды ішек инфекцияларының алдын алуға көмектеседі.
А.ҚҰДАЙБЕРГЕН - Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.